Ишая 50
50
Опасыз халықтың тартқан әділ жазасы
1Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендер Мені «шешелерің» Иерусалимді қуып жіберді дейсіңдер. Ендеше соны дәлелдейтін куәлік қағазы қайда?#50:1 Ежелде күйеуі әйелінен ажырасқанда оған куәлік ретінде арнайы құжатты жазып беруге тиісті болатын (Заң 24:1; Мат 5:32). Мені біреуге берешек болып, соны өтеу үшін өздеріңді құлдыққа#50:1 Яки: басыбайлы қызметшілікке (Леу 25:37-43). сатып жіберді деп те айыптайсыңдар.#50:1 Құдай, әрине, ешкімге қарыздар емес. Жоқ, олай емес, сендер өздерің жасаған күнәларың үшін құлдыққа түстіңдер! «Шешелерің» де сендердің жасаған зұлым істеріңе бола қуылды!#50:1 54:6-7; 62:4; Ерм 3:8.
2Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады.#50:2 Мыс 14:15-16,22-23. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді. 3Аспанды қара түнекпен қаптап, оны қаралы жамылғымен жауып тастағандай тас қараңғы ететін де Менмін».
Құдайға түгелдей мойынсұнған Қызметшісінің қорлық көруі әрі ақталуы
4«Маған Жаратушы Тәңір Иенің Өзі тәлім беріп, қажығандарды жігерлендіру үшін не айту керегін аузыма салып отыр. Күн сайын ертеңгісін Ол мені оятып, айтқандарына шәкірттей құлақ салғызады. 5Жаратушы Тәңір Ие құлағымды ашқанда мен қасарысып, кері бұрылған жоқпын. 6Арқамды ұрып-соққандарға тостым, сақалымды жұлғандарға екі жағымды ұсынып, бетімді балағат пен түкіріктен жаппадым.
7Мені Жаратушы Тәңір Ие қолдайды, сондықтан ұялмаймын да қысылмаймын. Өзі белгілеген жолдан шықпауға белді бекем будым.#50:7 Немесе: сондықтан шақпақ тастай қатты ұстаймын бетімді. Соңында ұятқа қалмайтынымды білемін.
8Мені ақтайтын Құдай қасымда, маған сонда кім кінә тақпақ? Келіңдер, беттесейік, енді кім маған айып таңбақшы? Кәне, сол мұнда жақындап келсін! 9Мені Жаратушы Тәңір Ие қолдайды, маған үкім шығаратын кім болмақ? Солай етуге тырысқандар тозып, күйеге жем болған киімдей құрымақ.
10Ей, өз араларыңда Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның Қызметшісінің даусына құлақ түретін кім? Сендер қараңғыда жүріп, жарықтан ада болсаңдар да, Жаратқан Иеге үміт артыңдар, иә, Құдайларыңды сүйеніш етіңдер!
11Ал өз беттеріңмен от жағып, қолдарыңа жанып тұрған алау ұстайтын басқалар, мейлі, өздерің лаулатып жандырған от пен алауларыңның жарығында жүре беріңдер.#50:11 (9:18; 30:15-16; Амо 4:4-5) Немесе: Ал от жағып, өздеріңді өрт салатын жебелермен қамтамасыз ететін бәрің, өздерің лаулатып жандырған от пен өрт салатын жебелердің жалынына кіріңдер! Сендердің Менен алатын «марапаттарың» мынау: қатты қиналып жататын боласыңдар!»
Currently Selected:
Ишая 50: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: