Ишая 46
46
Жаратқан Иенің сенімділігі әрі жалған тәңірлердің бекерлігі
1Бел тізе бүгіп, Небо#46:1 Бел, Небо: Бабыл елінің құлшылық ететін жалған тәңірлерінің аттары. да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар#46:1 Яки: Сендер көтеріп жүрген мүсіндердің салмағы зілдей ауыр. — шаршаған көліктерге ауыртпалық. 2Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды,#46:2 Немесе: Бабылдықтар тәңірсымақтарымен бірге тізе бүгіп, жеңілді. Олар ауыр мүсіндерді қорғай алмады. қайта, өздері де тұтқынға түседі!
3«Тыңдаңдар Мені, ей, Жақыптың ұрпақтары, сөзіме құлақ салыңдар, ей, Исраил халқының тірі қалғандары! Сендерді туғаннан-ақ қолдап келіп, өмір бойы көтеріп те жүремін. 4Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін,#46:4 Яки: Мен Солмын. шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім,#46:4 Немесе: Мен осылай істеп келдім. бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.
5Мені кіммен салыстырып, кімге ұқсатасыңдар? Яки Мені кіммен теңестіресіңдер?#46:5 40:18,25; 46:9.
6Адамдар таразыға күміс өлшеп, соған шебер зергерді жалдап алады. Қалталарынан мол алтын төгіп беріп, содан тәңір мүсінін жасатқызады. Осы «қуыршақ тәңірге» бас иіп, оның алдына етпетінен жығыла табынады! 7Оны иықтарына көтеріп алып жүріп, арнайы жерге қояды. Мүсін сол жерде әрдайым тұра беріп, орнынан қозғала да алмайды. Жұрт оған қанша айқайлап, жалынып-жалбарынса да, ол ешқандай жауап бере алмайды да, пәледен құтқара алмайды да.
8Сонымен, ей, жолдан тайғандар, бұл жайттарды естеріңде берік сақтап, көңілдеріңе түйіп алыңдар!#46:8 Немесе: жолдан тайғандар, бұдан былай берік те батыл болып, бұл жайттарды көңілдеріңе түйіп алыңдар! 9Баяғыда болғандарды да ұмытпаңдар! Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ, Маған ұқсас ешкім де болмайды!
10Ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келемін. Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын деп уәде беремін. 11Шығыстағы алыс елден біреуді шақырып, алып келемін.#46:11 41:2; 44:28; 45:1. Ол жауларына қырғидай тиіп, мақсатымды белсене орындайды. Мен айтқанымды еш шүбәсіз жүзеге асырамын, солай шешкен соң оны орындаймын!
12Ей, жүректері қасарысқандар, әділдіктен қашық жүргендер, айтқандарыма құлақ түріңдер! 13Мен осы жерде әділдігімді жүзеге асыратын боламын. Ол алыс емес, жақындап қалды, Менің құтқаруым кешікпейді! Мен Сион шаһарын азат етемін, бүкіл Исраил елін салтанатты ұлылығыма бөлейтін боламын».
Currently Selected:
Ишая 46: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: