Ишая 12
12
Құтқарылғандардың Жаратқан Иені мадақтау жыры
1Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:
«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!
Маған ашуланған едің, ал сосын
Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.
2Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!
Оған сеніп, қорықпаймын да енді,
Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,
Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,
Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
3Құтқарылудың қайнар көздерінен
Су ала бересіңдер қуанышпен.#12:3 Яки: Шөлдегенге таза судың ләззәт әкелетініндей, сендер Құдайдың өздеріңді құтқарып, қолдап-қорғап жүргеніне керемет шаттанасыңдар (12:2; Жыр 50:14).
4Сол кезде былай дейтін боласыңдар:
«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,
Есімін атап Оған сиыныңдар,
Әділ істерін ұлттарға білдіріп,
Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
5Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар,
Ол ұлы кереметтерді істеді,
Осыны білсін жер жүзінің бәрі!
6Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,
Дауыстап қалықтата ән салыңдар:
Исраил сиынған Киелі Құдай
Енді өздеріңнің араларыңда
Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»#12:6 Яки: Исраил сиынған Киелі Құдай шексіз ұлы! Оның жер бетіндегі тұрағы (киелі үйі) сендердің араларыңда.
Currently Selected:
Ишая 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: