Ишая 11
11
Дәуіттің Ұрпағының бейбіт патшалығы
1Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен#11:1 (53:2) Яки: жас өскін. өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен#11:1 Дәуіт патшаның әулеті б.з.д. 586 ж. биліктен айырылып, халқының басым көпшілігімен бірге Бабыл еліне жер аударылды (4:2; 9:7; 11:10; Рут 4:22; Пат1 16:1,11-13; Пат2 5:3; Шеж2 36:17-20). шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. 2Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. 3Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады.
Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды. 4Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. 5Патша әділдікпен билік жүргізіп, ақиқат пен адалдықты берік ұстануға белін бекем буады.#11:5 25:1; 59:17; Жыр 92:1.
6Сол заманда қасқыр қозымен тату-тәтті тұрып, қабылан лақпен бірге тынығады. Бұзау, мықты жас арыстан және бордақы өгіз де қатарласып бірге жататын болады. Бәрін бір жас бала айдап, баға алады. 7Сиыр мен аю қатар жайылып, бұзаулары мен қонжықтары бірге тынығып, арыстан өгіз сияқты сабан, шөп жейді.#11:6-7 65:25; Езк 34:25; Ош 2:18.
8Сәбилер сұр жыланның інінің қасында ойнап, балдырғандар зәрлі жыланның ұясына қолын емін-еркін тығатын болады.#11:8 Жар 1:30; 3:15; Жыр 90:13; 139:3. 9«Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай зұлымдық пен қиянат жасалмайтын болады», — дейді Жаратқан Ие. Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады!#11:9 Абқ 2:14.
Жер аударылған халықтың отанына қайтып келуі
10Сол заманда Есей ұлы Дәуіт патшаның «тамырынан» өскін іспетті шыққан Ұрпақ халықтарға арнап тігілген ту сияқты белгі болады.#11:10 11:1,12. Басқа ұлттар Оған бет бұрып, үмітін артады. Оның тынығып демалатын орны#11:10 (66:1; Шеж2 6:41) Немесе: Оның тыныштығы. салтанатты да құрметті болады.
11Сол күн туғанда Тәңір Ие (ата-бабаларын Мысырдағы құлдықтан азат еткеніндей) тағы да құдіретті қолын алға созады.#11:11 Мыс 12:12; 14:17-28; 15:6-7. Оның халқының тірі қалғандары Ассурға, Төменгі мен Жоғарғы Мысырға,#11:11 19:23; Ерм 44:1; Езк 30:14. Құшқа,#11:11 18:1; 20:3; 37:9; 43:3. Елам#11:11 21:2,6; Жар 14:1; Дан 8:2. мен Бабылға,#11:11 Немесе: Шинарға (Жар 11:2; Зәк 5:11). Арамадағы Хаматқа#11:11 10:9; Ерм 49:23. және теңіз жағаларындағы алыс жерлер мен аралдарға шашырап кеткен еді. Енді Тәңір Ие оларды Өзіне қайтарады. 12Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек.
13Солтүстік Исраил#11:13 Яки: Ефрем (7:2). елі енді қайтып Яһуданы күндемейді, Яһудаға қарсы жауласып келгендердің бәрі де ғайып болады. Бұдан былай Яһуда Солтүстік Исраилге қастық жасамайды. 14Керісінше, екеуі бірігіп батысқа қарай аттанып, қырат беткейімен құлдырап түсіп, філістірлерге шабуыл жасайды. Олар шығыстағы жау халықтардың олжаларын да иемденіп, Едом мен Моабқа билік құрады, Аммон да оларға мойынсұнады.#11:14 Дәуіт патшалық құрған кезде солай болатын (Пат2 8:1-2,13-14; 10:14; 11:1; 12:26-31).
15Жаратқан Ие Мысыр теңізінің шығанағын құрғатып, жоқ қылады. Өзінің құдіретті қолын бұлғап, аңызақ желімен#11:15 Ерм 4:11. Евфрат өзенін де кептіріп тастайды: оның кісі жаяу өте алатындай таяз етіп жеті тармағын ғана қалдырады. 16Сонда Жаратқан Иенің халқының тірі қалғандарына Ассурдан шығатын даңғыл жол дайын тұрады. Бұл жайт олардың ата-бабаларының Мысыр елінен шыққан кезіндегідей болмақ.
Currently Selected:
Ишая 11: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.