Еврейлерге хат 1
1
Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі
1Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. 2Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын#1:2 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі#1:2 Яки: мұрагері (Рим 8:17; Мат 11:27; 28:18). етіп тағайындады. 3Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты.#1:3 Яки: Оның болмысы Құдайдың болмысына толығымен пара-пар. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр.#1:3 Немесе: құдіретті әмірімен аман сақтап тұр (Қол 1:17). Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Мәсіх періштелерден әлдеқайда жоғары
4Сонымен, рухани Ұлдың иемденген Атағы#1:4 Яки: Есімі (1:5; Флп 2:9-11). періштелердікінен қаншама жоғары болса, Оның жолы да олардікінен соншама үлкен. 5Себебі Құдай періштелердің ешқайсысына да былай деп айтқан емес: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған».#1:5 (Жыр 2:7; Елш 13:33; Рим 1:4; Мар 9:7) Демек, бүгін Әкең екенімді жарияладым. Және: «Мен Оған Әке боламын, ал Ол Менің рухани Ұлым болады».#1:5 Пат2 7:14; Шеж1 17:13.
6Құдай осы дүниеге жолы бәрінен де үлкен рухани Ұлын#1:6 Яки: Тұңғышын (Қол 1:15). жібергенде, Ол туралы мынадай сөздер айтты: «Жаратқан Иенің бар періштелері де Оған тағзым етсін!»#1:6 Заң 32:43. — 7Періштелер жайлы (Забурда) мына тәрізді сөздер айтылған: Ол желдей етеді періштелерін, от жалынындай да өз нөкерлерін#1:7 Жыр 103:4.. 8Ал Ұл туралы былай делінген:
«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,
Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.#1:8 Немесе: Патшалық асатаяғың — әділдік.
9Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,
Сондықтан да Құдай, өз Құдайың Сенің,
Өзіңді тағайындап, сыйлады Саған
Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан».#1:9 Немесе: Сондықтан Сені, Құдай, өз Құдайың, тағайындап, жолдастарыңнан гөрі Саған қуаныш майын көбірек жақты (Жыр 4:7-8; Түсіндірмедегі «Май жағу рәсімін» де қараңыз).
10Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:
Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,
Құдіретіңмен#1:10 Яки: Өзіңнің (құдіретті) қолдарыңмен. жараттың аспанды да.
11Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,
Киімдей тозады олардың барлығы да,
12Сен соларды көйлектей ауыстырасың,
Шапандай бүктеп алып та қоясың.
Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,
Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.#1:12 Жыр 101:26-28.
13Ал енді, Құдай қай кезде қай періштеге: «Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда!»#1:13 Жыр 109:1; Мат 22:44. — деп айтқан еді? 14Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.
Currently Selected:
Еврейлерге хат 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: