YouVersion Logo
Search Icon

Жаратылыстың баст. 23

23
Сараның дүниеден өтуі
1Сара жүз жиырма жеті жыл өмір сүрді. 2Ақырында ол Қанахан елінде, қазір Хеброн деп аталатын Кирият-Арба қаласының маңында дүниеден өтті. Ыбырайым Сараны жоқтап қайғырып, оның шатырына кірді.
3Кейін ол мәйіттің қасынан шығып, сол жерде тұрған хеттік ақсақалдарға#23:3 Сол заманда хеттіктер қазіргі Түркиядағы Анадолудан Палестинаның ортасына дейін созылған кең-байтақ жерді мекендеді (10:15; 26:34-35; Пат1 26:6). барып, олардан:
4— Мен араларыңызда жүрген жат жұрттық кірмемін.#23:4 Мыс 2:22; Леу 25:23. Үйде жатқан марқұм әйелімді жерлеуге ешқандай меншікті жерім жоқ. Маған зират үшін бір жер танабын сатсаңыздар екен, — деп өтінді. 5Хеттік ақсақалдардың жауабы мынау болды:
6— Қымбатты мырза, бізге құлақ асыңыз. Сіз арамызда Құдайдың батасы қонған көсем болып#23:6 Яки: арамызда беделді көсем болып (12:2). тұрып жатырсыз. Марқұмды біздегі ең жақсы қабірге апарып қойыңыз. Ешқайсымыз да зиратқа арналған жерлерімізді сізге беруден бас тартпаймыз. — 7Сонда Ыбырайым орнынан тұрып, хеттіктерге басын иіп былай деді:
8— Егер марқұм әйелімді осы маңайда жерлесін десеңіздер, мына өтінішімді Сохар ұлы Ефронға жеткізсеңіздер екен. 9Ол маған өзіне тиісті егістіктің шетіндегі Махпела үңгірін меншікті зират ретінде сатсын. Оған сіздердің көз алдарыңызда толық бағасын беремін.
10Хеттік Ефрон да қала қақпасындағы алаңда жиналған#23:10 23:18; 34:20; Рут 4:1-2; Әйүп 29:7-11. жерлестерінің арасында отырған еді. Ол бәрінің алдында Ыбырайымға жауап беріп:
11— Жоқ, мырзам, менің ұсынысымды тыңдаңыз. Мен сізге егістікті беремін. Мұндағы ұлттастарымның көзінше сізге егістікте орналасқан үңгірді де қоса беремін. Сонда марқұм әйеліңізді қоярсыз, — деді. 12Ыбырайым елдің адамдарына тағы да басын иіп, 13барлығының алдында Ефронға былай деді:
— Тыңдаңыз, мен сізге егістік үшін тиісті құнын төлеймін, оны қолымнан қабыл алыңыз. Сонда бұл жер марқұм әйелімнің зираты болмақ. — 14Ефрон оған ойын білдіріп:
15— Мырзам, жарайды. Танаптың құны — төрт жүз мысқал#23:15 Шамамен 4,6 кг. күміс, бұл мен үшін де, сіз үшін де түк емес. Марқұмды сонда жерлей беріңіз, — деді.
16Ыбырайым келісіп, хеттіктердің көзінше Ефрон атаған құнды — төрт жүз мысқал күмісті оған саудада қолданылатын өлшем бойынша таразыға салып өлшеп берді. 17Осылай Мамренің шығысындағы Махпелада орналасқан Ефронның егістік жері, ондағы үңгір және сонда өсіп тұрған барлық ағаштар 18Ыбырайымның меншігіне айналды. Қала қақпасындағы алаңда жиналған хеттік ақсақалдардың барлығы бұған куә болды.
19Ыбырайым мұнан кейін Сараның мәйітін Махпела даласындағы сол үңгірге апарып қойды. Бұл жерді Хеброн деп те атайды. 20Сонымен хеттіктерден алынған Қанахан еліндегі егістік жер мен ондағы үңгір зират ретінде Ыбырайымның тұрақты меншігіне айналды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy