Езра 4
4
Дұшпандардың қарсы әрекеттері
1Ал исраилдік Яһуда мен Бунямин руларының#4:1 1:5. дұшпандары#4:1 Олардың көбі Самария аймағына жер аударылып келген бөтен ұлттықтар еді (4:2,9-10; Нех 4:1-3; Пат4 17:23-24,28-34,41). Олар көп тәңірге табынатын. да болды. Олар жер аударылудан қайта оралған халықтың Исраилдің Құдай Иесіне арнап ғибадатхана сала бастағанын естіді. 2Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді:
— Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан#4:2 Есімі Есархаддон деп те дыбысталатын ол Ассурға б.з.д. 681-669 жж. патшалық құрды (Пат4 19:37; Иш 37:38). бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз.#4:2 Пат4 17:24-41. — 3Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға:
— Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай,#4:3 1:1-3; 6:3. Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.
4Сонда елде тұрып жатқан сол бөтен ұлттықтар#4:4 Пат4 17:24,28-34. құрылыс жұмысын тоқтатпақ болып, Яһуда халқын түңілдіріп, қорқытып-үркіте бастады. 5Олар Яһуда халқының жоспарларын бұзу үшін оларға қарсы арнайы кеңесшілерді жалдап алып жүрді. Бұл әрекеттері парсы патшасы Кирдің бүкіл заманында, тіпті парсы патшасы Дарийдің таққа отырған кезіне#4:5 Дарий І б.з.д. 522-486 жж. парсы патшалығына билік жүргізді. дейін ұласты.
Ахасуер мен Артақсерікстің кездеріндегі қарсы әрекеттер
6Бірнеше жылдан соң, Ахасуер#4:6 Осы есім грекше Ксеркс деп дыбысталатын. Ахасуер І (Ксеркс І) б.з.д. 486-465 жж. парсы патшалығына билік жүргізді (Ест 1:1; Дан 9:1). патша билік құра бастаған кезде, Яһуда халқының дұшпандары патшаға Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындарын айыптап хат жазды. 7Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда#4:7 Есімі Артаксеркс деп те дыбысталатын Артақсерікс б.з.д. 465-424 жж. парсы патшалығына билік жүргізді. да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде#4:7 Арамей тілі Ассур, Бабыл және парсы патшалықтарының ресми тілі болды (Пат4 18:26). Езр 4:8-6:18; 7:12-26 арамей тілінде жазылып қалдырылды. жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды.
8Әмірші Рехум және хатшы Шимшай Артақсерікс патшаға Иерусалим үстінен шағымданған бір хатты салып жіберді. 9Олар сол хатты әмірші Рехум, хатшы Шимшай және өздерінің қызметтестері — төрешілер#4:9 Яки: билер. мен әкімдердің атынан жазды. Осы қызметкерлер Тарпел, Персия, Ерех, Бабыл, Сузы, Дехай#4:9 Тарпел: қазіргі Ливан еліндегі Триполис. Ерех: Бабыл еліндегі қала (Жар 10:10). Сузы: Нех 1:1; Ест 1:2; Дан 8:2. Дехай: осы халықтың аты Даги деп те жазылады. және Елам аймақтарынан жер аударылып келгендердің үстінен қарайтын. 10Ұлы да даңқты Аснапар#4:10 Осы есімнің басқа түрі: Ассурбанипал (Ассурдың соңғы патшасы: б.з.д. 668-627 жж.). патша кезінде жер аударып, Самарияға және Батыс Евфрат өлкесіндегі#4:10 (4:1) Парсы патшалығының Батыс Евфрат өлкесі Евфрат өзенінен Жерорта теңізінің жағалауындағы Газаға дейін созылатын (Пат3 4:24). өзге жерлерге қоныстандырған басқа ұлттардың#4:10 Пат4 17:24. адамдары да сол қызметкерлердің қарамағында болды.
Қарсыластардың Артақсерікс патшаға жіберген хаты
11Осы қызметкерлер жолдаған хаттың көшірмесі төмендегідей:
«Артақсерікс патша ағзамға Батыс Евфрат өлкесіндегі қызметкерлерінен сәлем!
12Патша ағзам мынаны білсе екен: Сіздің жағыңыздан бізге өрлеп көшіп келген яһудилер Иерусалимге барды. Олар сол бір зұлым да қыңыр қаланы қайтадан салып, қабырғаларын қалпына келтіріп, негіздерін нығайтып жөндеп жатыр.
13Патша мынадан да хабардар болсын: Егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп бітсе, онда олар не ақшалай, не заттай алым-салық, не кеден салығын мүлдем төлемей қояды. Содан патша қазынасының кірісі азаятын болады. 14Патшаның алдында біздің борышымыз бар, әрі патшаның абыройына қандай да дақ түсуіне жол берсек, сол дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл хатты жіберіп, патшаға мәлімдеп отырмыз.
15Осы мәселе туралы ата-бабаңыздың жылнамаларынан іздестірсеңіз екен. Сол кітаптардан осы қаланың бас көтергіш қала екеніне, әрі оның патшалар мен аймақтарға көп зиян келтіргеніне көзіңіз жететін болады. Ежелгі заманнан бері бұл қаладағылар бүлік шығарып келген еді. Сондықтан да қала қиратылып, қаңырап бос қалдырылды.
16Сонымен патшаға білдірмек болғанымыз мынау: егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп жөнделсе, онда Сіз түбінде Батыс Евфрат өлкесіндегі бүкіл иеліктеріңізден де айырылып қалып жүрерсіз».
Патшаның ғибадатхананы құруға тыйым салуы
17Патша бұған мынадай жауап жолдады:
«Әмірші Рехумге, хатшы Шимшайға және Самария мен Батыс Евфрат өлкесінде тұрып жатқан олардың қызметтестеріне сәлем.
18Өздерің жолдаған хаттарың мұқият аударылып,#4:18 Демек, арамей тілінен парсы тіліне аударылып (4:7). маған оқылғаннан кейін, 19менің бұйрығыммен (жылнамаларда) тексеріс жасалды. Осы қаланың ежелден бері патшаларға қарсы шығып, оның ішінде көтеріліс пен бүліктің болып келгені анықталды. 20Кезінде Иерусалимнің бүкіл Батыс Евфрат өлкесіне билік жүргізген құдіретті патшалары болғаны, оларға ақшалай және заттай алым-салықтар мен кеден салығының төленгені де белгілі болды.
21Сондықтан сол адамдарға: «Жұмысты тоқтатыңдар! Мен арнайы жарлық шығармайынша қала қайта тұрғызылмасын!» деген бұйрық беріңдер! 22Бұл іске ешкімнің немқұрайды қарамауын қадағалаңдар! Әйтпесе патшаның мүддесіне зиян келтіре алатын қауіп төніп тұр ғой».
23Артақсерікс патшаның осы хатының көшірмесі Рехумге, хатшы Шимшайға және олардың қызметтестеріне оқыла салысымен-ақ, олар дереу Иерусалимдегі яһудилерге барып, жұмысты күштеп тоқтатқызып тастады.
24Сонымен Иерусалимде Құдайдың киелі үйінің құрылысы доғартылды. Ол парсы патшасы Дарийдің билік жүргізген екінші жылына#4:24 Б.з.д 520 ж. 3-сәуірден 519 ж. 21-ақпанға дейін (5:1). дейін тоқтап тұрды.
Currently Selected:
Езра 4: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.