YouVersion Logo
Search Icon

Езра 10

10
Халықтың күнәларына өкініп, соларынан бас тартуы
1Езра осылай мінажат етіп жылап, Құдайдың киелі үйінің алдында сиынып, күнәларды мойындап етпетінен жатты. Сол кезде оның айналасына исраилдіктердің ер адамдар, әйелдер және балалардан тұратын өте үлкен жамағаты жиналды. Олар да зар еңіреп жылаумен болды. 2Сонда Еламның ұрпақтарының бірі — Ехиел#10:2 10:26. ұлы Шеханиях Езраға тіл қатып былай деді: «Рас, біз айналамыздағы бөтен жұрттықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық. Бірақ та Исраил үшін әлі де үміт бар. 3Қазір-ақ Құдайымызбен Келісім жасайық! Біздің мырзамыз — сіздің ақыл-кеңесіңіз және Құдайдың өсиеттерін терең қастерлейтін басқалардың да ақыл-кеңесі бойынша былай істейік: Сондай әйелдердің бәрін олардың туған балаларымен бірге қоя берейік. Бұл Таурат заңына сәйкес істелсін. 4Енді орныңыздан тұрыңыз, бұл міндет сіздің мойныңызда. Біз сізді қолдайтын боламыз. Осы істі батыл жүзеге асырыңыз!»
5Сонда Езра орнынан тұрды да, алдымен аға діни қызметкерлерге, леуіліктерге және барлық басқа исраилдіктерге осы айтылғандарды істеуге ант бергізді. Олар ант берді. 6Мұнан кейін Езра Құдайдың киелі үйінің алдында тұрған орнынан кетіп, Елияшип ұлы Жохананның ғибадатханадағы бөлмесіне барды. Бабылға жер аударылудан қайтып келгендердің опасыздығына қатты қайғырғанынан Езра сол бөлмеде болған кезінде аузын бекітіп, нан да жемеді, су да ішпеді.#10:6 Заң 9:18-19; Жүн 3:7-9.
7Содан соң басшылар бүкіл Яһуда аймағы мен Иерусалим қаласында жар салып, мынаны хабарландырды: «Жер аударылудан қайта оралған яһудилер Иерусалимде жиналуға міндетті! 8Кімде-кім үш күннің ішінде келмесе, басшылар мен ақсақалдардың шешімі бойынша содан бар мал-мүлкі тартып алынып, Құдайға бағышталып жойылады.#10:8 Леу 27:28; Еш 6:19. Ал өзі жер аударылудан қайта оралған яһудилердің қауымынан аластатылады».
9Сонда Яһуда мен Буняминнің күллі тұрғындары үш күннің ішінде Иерусалимге жиналды. Бұл тоғызыншы айдың жиырмасыншы күні болды.#10:9 Б.з.д. 458 ж. 19-желтоқсан. Халықтың бәрі Құдайдың киелі үйінің алдындағы аулада бас қосты. Олар осы оқиғаға және жауған жауынға бола дірілдеп тұрды. 10Діни қызметкер Езра орнынан тұрып, оларға былай деді:
— Сендер (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, опасыздық жасадыңдар. Осылай сендер Исраилдің кінәсін одан әрі арттыра түстіңдер. 11Ал енді ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындаңдар! Осы елдегі бөтен халықтардан және өздеріңнің жат бөтен жұрттық әйелдеріңнен бөлініп, Жаратқан Иенің еркін орындаңдар!
12Сонда бүкіл жамағат#10:12 Яки: қауым (2:64; 10:8). қатты дауыспен былай деп жауап берді:
— Сіздікі дұрыс. Сіз қалай айтсаңыз, солай істеуге міндеттіміз. 13Бірақ мұнда халық көп. Қазір жылдың жаңбыр жауатын мезгілі, сондықтан далада тұра беруге болмайды. Оның үстіне бұл — бір-екі күннің ішінде істей салуға болатын нәрсе емес. Өйткені арамыздағы көбіміз осындай күнә жасадық. 14Құдайымыздың осы себептен тұтанған қаһарының бетін қайтару үшін біздің басшыларымыз бүкіл қауымның өкілі болып бұл жерде қалсын. Ал бөтен жұрттық әйел алған әркім өз қаласының ақсақалдары, төрешілерімен бірге белгіленген мезгілде осында қайтып келсін.
15Бұл ұсынысқа тек Асахил ұлы Жонатан мен Тикуах ұлы Яхзеях қана қарсы болды. Мешулам және леуілік Шабтай оларды қолдады.#10:15 8:16; 10:29; Нех 8:7; 11:16. 16Әйтсе де жер аударылудан қайта оралғандар солай істемек болып келісті. Діни қызметкер Езра барлық әулеттерден басшыларын таңдап алып, аттарын атап белгіледі. Содан олар оныншы айдың бірінші күні#10:16 Б.з.д. 458 ж. 29-желтоқсан. осы мәселені қарауға отырды. 17Бұдан кейінгі жылдың бірінші айының бірінші күні#10:17 Б.з.д. 457 ж. 27-наурыз. олар (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алғандардың мәселесін қарап бітірді.
18Діни қызметкерлердің бөтен жұрттық әйел алғандары мыналар болды: Ехосадық ұлы Ешуа#10:18 2:36. мен оның бауырларының ұрпақтарынан: Мағасиях, Елиезер, Жарип, Ғодалиях. 19Олар сол әйелдерін қайтарып жіберуге қол беріп уәделесіп, өз кінәларын мойындады, әрі соның айыбын өтеу#10:19 Леу 5:15-16; 6:4,6. үшін бір қошқардан шалып Жаратқан Иеге ұсынды.
20Имердің ұрпақтарынан:#10:20 2:37. Ханани, Забадиях.
21Харымның ұрпақтарынан:#10:21 2:39; Шеж1 24:8. Мағасиях, Ілияс, Шемаях, Ехиел, Ұзиях.
22Пашхурдың ұрпақтарынан:#10:22 2:38. Елихоенай, Мағасиях, Ысмағұл, Нетанел, Жозабад, Еласах.
23Леуіліктерден: Жозабад, Шимеях, Келита деп те аталатын Келаях, Петахиях, Яһуда, Елиезер.
24Әншілерден: Елияшип.
Қақпа күзетшілерінен:#10:24 2:41,42. Шаллум, Телем, Ұри.
25Басқа исраилдіктерден: Пароштың ұрпақтарынан:#10:25 2:3. Рамиях, Изиях, Малқиях, Миямин, Елазар, Хашабиях,#10:25 Немесе: Малқиях. Бенаях.
26Еламның ұрпақтарынан:#10:26 2:7; 8:7; 10:2. Маттаниях, Зәкәрия, Ехиел, Әбди, Еремот, Ілияс.
27Заттудың ұрпақтарынан:#10:27 2:8; 8:5. Елихоенай, Елияшип, Маттаниях, Еремот, Зауад, Ғазиз.
28Бебайдың ұрпақтарынан:#10:28 2:11; 8:11. Жоханан, Хананиях, Забай, Атлай.
29Банидың ұрпақтарынан:#10:29 2:10; 8:10. Мешулам, Маллух, Адаях, Яшуб, Шеал, Еремот.
30Пахат-Моабтың ұрпақтарынан:#10:30 2:6; 8:4. Адна, Хелал, Бенаях, Мағасиях, Маттаниях, Беселиел, Бинуй, Манаса.
31Харымның ұрпақтарынан: Елиезер, Ишиях, Малқиях, Шемаях, Шимон, 32Бунямин, Маллух, Шемариях.
33Хашумның ұрпақтарынан:#10:33 2:19. Матынай, Мататта, Зауад, Әлипәлет, Еремай, Манаса, Шимей.
34Басқа Банидың ұрпақтарынан: Мағадай, Ымрам, Уел, 35Бенаях, Бидиях, Келухи, 36Уаниях,#10:36 Осы есімнің Ванея деген түрі де бар. Меремот, Елияшип, 37Маттаниях, Матынай, Ясай.
38Бинуйдің ұрпақтарынан: Шимей,#10:38 Немесе: Бани, Бинуй, Шимей. 39Шелемиях, Натан, Адаях, 40Махнадбай, Шашай, Шарай, 41Азарил, Шелемиях, Шемариях, 42Шаллум, Амариях, Жүсіп.
43Небоның адамдарынан:#10:43 2:29. Еиел, Мататиях, Зауад, Зебинах, Яддай, Жоел, Бенаях.
44Бұлардың бәрі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, кейбіреулері солардан бала көрген еді.#10:44 9:10-13; Мыс 34:12-17.

Currently Selected:

Езра 10: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy