YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 2

2
Құдайдың Езекиелді қызметіне тағайындауы
1Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты маған осылай көрінді. Мұны көре салысымен мен жерге етпетімнен жата кеттім. Сонда өзіме сөйлеп тұрған бір дауысты естідім. Ол: «Ей, пендем,#2:1 Немесе: адам баласы. (Бұл жазбада 93 рет қолданылған осы қаратпа сөз Езекиелдің мәңгілік Құдай Тағала алдында тұрып, қызмет ететін өткінші пенде екеніне назар аудартады: Жыр 8:5.) орныңнан тұр! Мен саған тіл қатып, сөйлемекпін», — деді. 2Сол дауыс сөйлей бастағанда, Рух#2:2 Немесе: жел; яки Құдайдың лебі, Құдай Рухы (2:2; 3:12,24; Жар 1:2; 2:1). бойыма еніп, мені аяғыма тік тұрғызды. Мен Оның айтқан сөздерін мұқият тыңдадым.
3Ол былай деді: «Ей, пендем, Мен сені Исраилдің үрім-бұтағына — Маған қарсы шыға беретін бас көтергіш халыққа жібермекшімін. Олардың өздері де, ата-бабалары да осы күнге дейін Маған қарсы бас көтеріп келеді. 4Мен сені жіберетін халық тоңмойын қыңыр. Оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» деп жарияла! 5Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық#2:5 Яки: (Өзіме) бағынбайтын үрім-бұтақ (Пат1 15:23; Жыр 77:8,17,40,56; 105:7,43; Иш 63:10). емес пе? — әйтеуір, олар өздерінің араларында Құдайдың пайғамбарының бар екенін білетін болады.#2:5 33:33.
6Ал сен, уа, пендем, не олардың өздерінен де, не айтқан сөздерінен де қорқушы болма! Тіпті тікенді бұта мен ошағандар айналаңды қаптап, улы шаяндардың арасында тұрып жатсаң да, қорқушы болма!#2:6 28:24; Мих 7:4. Бас көтергіш халық болғанымен, олардың не айтқан сөздерінен де қорықпа, не сұсты бет-әлпеттерінен де шошыма! 7Тыңдаса да, тыңдамаса да, — олар әбден бас көтергіш қой, — бәрібір, оларға Менің сөздерімді жеткізетін бол! 8Ал өзің, пендем, Менің саған айтатыныма құлақ сал! Анау бас көтергіш халық сияқты, сен де Маған бағынбай кетуші болма! Аузыңды ашып, өзіңе беретінімді же!»
Жаратқан Ие ұсынған шиыршық кітап
9Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты#2:9 3:1; Ерм 36:2. ұсынып тұр екен. 10Жаңағы қол әлгі кітапты менің алдымда ашты. Оның екі жағына да жоқтау мен қайғы-қасіреттің сөздері жазылыпты.

Currently Selected:

Езекиел 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy