Мысырдан шығу 40
40
Киелі шатырды құру
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: 2«Менімен кездесуге арналған тұрағым — киелі шатырды бірінші айдың бірінші күні құрғыз. 3Келісімнің айғақтары сақталатын сандықты#40:3 40:20. шатырдың ішіне қойғызып, шымылдықпен көзден тасалат. 4(Нан тартулары қойылатын) үстелді әкелдіріп, оған қатысты нәрселерді орналастырт. Содан кейін шам қойғышты кіргізіп, үстіне шамдарын орнатқыз. 5Хош иісті заттарды түтететін алтын үстелді Келісім сандығының алдыңғы жағына қойғызып, киелі шатырдың кіреберісіндегі шымылдықты ілгіз.
6Құрбандық үстелін кездесу шатырының кіреберісінің алдыңғы жағына орналастырт. 7Тазару рәсіміне арналған қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің екі ортасына қойдырып, ішіне су құйғыз. 8Шатырдың ауласын айналдыра пердемен қоршатып, оның кіреберісінің пердесін де ілгізіп қой.
9Арнайы хош иісті майдан алып, киелі шатырға және оның ішіндегі әрбір бұйымға аздап жақ. Осылайша шатырды және оның барлық бұйымдарын Маған бағыштап, киелі қыл. 10Мұнан кейін құрбандық үстелі мен оның құрал-саймандарына да осы май жағу рәсімін жасап, үстелді Маған бағышта, сонда ол ерекше киелі болады. 11Қазан мен оның тұғырына аздап май жағып, оларды да Маған бағышта.
12Содан кейін Һарон мен ұлдарын Өзіммен кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, сумен тазару рәсімінен өткіз. 13Һаронға арнайы киімдерін кигізіп, май жағу рәсімін орындап, оны діни қызметкерім болуға Өзіме бағышта. 14Һаронның ұлдарын да жақындатып, ұзын көйлектерін кигіз. 15Менің діни қызметкерлерім болулары үшін әкесіне жасағандай, оларға да май жағу рәсімін орында. Осы рәсім орындалғанда өздері де, келер ұрпақтары да діни қызметкерлікке мәңгілік тағайындалады».
16Мұса барлығын да дәл Жаратқан Ие өзіне бұйырғандай етіп жасады. 17Осылайша (халық Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі) екінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы құрастырылды. 18Мұса киелі шатырды құрған кезде оның тағандарын орын-орындарына қойғызып, бөренелерін тұрғызып, сырықтарын кигізіп, бағаналарын көтертті. 19Мұнан соң киелі шатырдың үстіне жапқышын жайып, оның бетіне жабынын жапты. Мұның бәрі де Жаратқан Иенің бұйрығына сай болды. 20Мұса Келісімнің айғақтарын:#40:20 (20:1-17; 25:16,21; 31:18) Яғни Келісімнің ережелері жазылған екі тас тақташаны. екі тас тақташаны алып келіп, Келісім сандығының ішіне салды да, сандықтың шығыршықтарынан сырықтарды өткіздіріп, оның үстіне қақпақты қойғызды. 21Содан кейін Келісім сандығын киелі шатырдың ішіне апарғызып, оның алдына арнаулы шымылдықты ілгізіп, Жаратқан Ие бұйырғандай сонымен Келісім сандығын көзден тасалатып қойды.
22Мұса арнайы нан үстелін Жаратқан Иенің әмірі бойынша кездесу шатырының ішіне, оның солтүстік бетіне, ішкі шымылдықтың бергі жағына орналастыртты. 23Үстелдің үстіне ол Жаратқан Иеге бағышталған нан тартуларын қатарластыра жайғастыртты.#40:23 25:30; Леу 24:5-8. 24Ал шам қойғышты кездесу шатырының оңтүстік бетіне, нан үстеліне қарама-қарсы орналастыртып, 25үстіне шамдарды орнатқызып, Жаратқан Ие Өзіне бұйырғандай Оның алдына қойғызды.
26Мұнан кейін Мұса (хош иісті заттар түтетілетін) алтын үстелді кездесу шатырының ішіне, ішкі шымылдықтың алдыңғы жағына қойғызып, 27Жаратқан Ие бұйырғандай үстіне хош иісті заттарды түтеткізді. 28Шатырдың кіреберісіне сыртқы шымылдықты ілгізді. 29Мұнан соң ол Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — кездесу шатырының кіреберісінің жанына құрбандық үстелін орнатқызды. Оның үстінде ол шалынған құрбандықтарды және астық тартуларын Жаратқан Иенің бұйырғанындай Оған арнап өртеп жіберді.
30Мұнан кейін Мұса қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің ортасына орналастыртып, тазару рәсімін орындау үшін ішіне су құйғызды. 31Мұса мен Һарон және оның ұлдары содан су алып, қол-аяқтарын жуатын болды. 32Олар кездесу шатырына кірген және құрбандық үстеліне жақындаған сайын Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай осы тазару рәсімін орындап отырды.
33Ең соңында Мұса киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланы қоршатқызып, оның кіреберісіндегі пердені ілгізді. Осылай Мұса барлық жұмыстарды аяғына дейін жүзеге асырды.
Киелі шатырдың Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелуі
34Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді.#40:34 13:21-22; 14:24; 25:8; 29:43; Рул 9:15. 35Мұса кездесу шатырына кіре алмады, себебі оны бұлт жауып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына бөленді.
36Бұлт тұрақтан жоғары қарай көтерілген кезде ғана Исраилдің үрім-бұтағы жолға жиналып, көштерін жалғастыратын. 37Олар бұлт жоғары көтерілмейінше жолға шықпай, бұлттың көтерілуін күтетін.
38Осылайша Жаратқан Иенің бағана тәрізді бұлты киелі шатыр үстінде күндіз тұрып, түнде бұлт ішінен от жанып, бәріне де көрінетін. Исраил халқы мұны көшіп-қонып жүрген уақытының бәрінде көріп отырды.
Currently Selected:
Мысырдан шығу 40: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: