YouVersion Logo
Search Icon

Мысырдан шығу 2

2
Жаңа туған Мұса пайғамбардың өлімнен құтқарылуы
1Сол кездері Леуі руынан шыққан бір адам өз руынан әйел алады.#2:1 Осы ерлі-зайыптылардың есімдері: Ымрам, Иохебед (6:20). 2Сол әйел жүкті болып, ұл туады. Сәбидің ерекше әдемі#2:2 Яки: жай емес (Құдайға ерекше ұнамды) (Елш 7:20). екенін көрген шешесі оны үш ай бойы жасырып бағады. 3Алайда бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, әйел қамыстан себет тоқып,#2:3 Яғни қоға қамыстан не папирус сабақтарынан шағын кәрзеңке өріп (тоқып). оны қара шайырмен бітеп, нәрестені ішіне жатқызады. Сонан соң себетті Ніл өзенінің жағасында өсіп тұрған құрақтың арасына апарып, суға қоя береді. 4Баланың әпкесі алысырақ жерге тығылып қалып, онымен не болар екен деп аңдып тұрады.
5Сол мезгілде перғауынның қызы шомылу үшін өзенге келеді. Күтуші қыздары су жағасында әрі-бері жүрумен болады. Қамыс арасынан себетті байқап қалған ханша бір күтуші қызын жұмсап, оны алдыртады. 6Ханша себетті ашып, ішінде жатқан нәрестені көреді. Сол ұл бала жылап жатыр екен. Ханша оны аяп кетіп:
— Бұл — исраилдік нәресте ғой, — дейді. 7Сонда сәбидің әпкесі тығылып отырған жерінен шығып:
— Мен барып, бөбекті емізу үшін сізге бір исраилдік әйелді шақырып алып келейін бе? — деп сұрайды. 8Ханша:
— Иә, бара ғой, — дейді. Қыз барып, нәрестенің шешесін алып келеді. 9Ханша оған:
— Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді. 10Сәби біраз өскеннен кейін шешесі оны перғауынның қызына апарып береді. Ханша баланы бауырына басып, «Оны судан шығарып алдым ғой», — деп, оған Мұса#2:10 Осы есімнің Моше, Моисей деген түрлері де бар. («Шығарып алған») деген ат қояды.
Мұсаның халқының қамын ойлап, Мадиянға қашуға мәжбүр болуы
11Арада бірнеше жыл өтіп, Мұса ержеткенде бір күні өз халқының арасына барып, олардың қандай ауыр жұмыс істеп жүргендерін көрді. Сол кезде ол исраилдік ұлттастарының біреуін бір мысырлықтың ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. 12Мұса жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен соң, мысырлықты ұрып өлтіріп, құмға көміп тастады.
13Келесі күні де Мұса далаға шыққанда, бір-бірімен төбелесіп жатқан екі исраилдікті көрді. Жәбір көрсеткенге ол:
— Сен неге бауырласыңды ұрасың? — деді. 14Сол адам:
— Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе? — деп жауап қайтарды. Мұса: «Менің істегенім туралы жұрт біліп қойған екен ғой», — деп ойлап, үрейі ұшты.
15Болған жайды перғауын да естіп, Мұсаны өлтіртпек болды. Бірақ ол перғауыннан қашып кетіп, Мадиян еліне#2:15 Яғни Ақаба шығанағының шығыс жағындағы елсіз далаға (Жар 37:25,28). барып, тоқтады.
Бірде Мұса құдық түбінде отырған еді. 16Мадияндық діни қызметкердің жеті қызы бар болатын. Олар әкелерінің қой-ешкілерін суару үшін сол құдықтан су тартып, науаларды толтыратын. 17Алайда басқа қойшылар да келіп, бұларды қуып жіберіп, (алдымен өз малдарын суарып алатын). Бірақ бұл жолы Мұса орнынан ұшып тұрып, қыздарды қорғап, малдарын суарып берді. 18Қыздар үйлеріне қайтқанда әкелері Рәгуел:#2:18 Рәгуел есімінің мәнісі «Құдайдың досы», ал басқа аты Етор (3:1) «Оның артықшылығы» дегенді білдіреді. (Арабша есімі Шуайб.)
— Қалайша бүгін ерте келіп қалдыңдар? — деп сұрады. 19Олар:
— Бір мысырлық жігіт бізді қойшылардан қорғап, тіпті су тартып, малымызды суарып берді, — деп жауап қатты. 20Сонда әкелері:
— Сол жігіт қайда? Оны неге далада қалдырып кеттіңдер? Тамақ ішсін, шақырып келіңдер, — деп тапсырды.
21Оның қонақжайлылығына риза болған Мұса үйінде тұрып қалуға келісті. Уақыт өте, діни қызметкер Мұсаға қызы Сипораны әйелдікке берді.#2:21 Осы есімнің Сапура, Сепфора, Ципора деген түрлері де бар. 22Кейін әйелі ұл туып, Мұса оған Гершом (яғни «Сол жерге кірме») деген ат қойды. Себебі ол: «Мен бөтен жердегі жат жұрттық кірме#2:22 (Жар 23:4; Леу 25:23) Яғни басқа елден көшіп келген адам. болдым», — деді.
23Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. 24Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін#2:24 Жар 15:18-21; 17:4-9; 28:13-15. рақыммен есіне алды. 25Осылай Құдай Исраил халқының мүшкіл халіне назар аударып, олардың қамдарын ойлады.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy