YouVersion Logo
Search Icon

Естер 1

1
Парсы патшасы Ахасуердің жарты жылдық тойы
1Бұл оқиға Ахасуер#1:1 Дарий ұлы Ахасуер патша Хшаяршан, Ксеркс және Ахашверош деп те аталатын. Ол парсы патшалығына б.з.д. 486-465 жж. билік жүргізді (Езр 4:6). патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш#1:1 Құш: қазіргі Мысырдың оңтүстігін, Судан мен Эфиопияның солтүстігін қамтыған ежелгі ел (8:9; Езк 29:10). еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды. 2Сол кездері Ахасуер Сузы қорғанындағы#1:2 Сузы (яки: Сузан) Елам аймағының астанасы болып, онда парсы патшаларының бір сарайы орналасқан еді (Дан 8:2; Нех 1:1). сарайының тағында отырып билік жүргізді.
3Патшалық құрған үшінші жылы Ахасуер қарамағындағы барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап той жасады. Тойға Персия мен Мидияның әскербасылары әрі аймақтардың ақсүйектері мен әміршілері жиналды. 4Патша ұзақ уақыт — толық жүз сексен күн бойы патшалығының ағыл-тегіл байлығын әрі өзінің салтанатты ұлылығының қаншалықты тамаша екендігін көрсетумен болды.#1:4 Жарты жылға созылған осы басқосуда парсы патшалығының гректерге қарсы жасаған зор жорықтары (б.з.д. 482-479 жж.) жоспарланып, дайындалған болса керек.
5Осы күндер өткен соң, патша енді Сузы қорғанындағы жасы бар, кәрісі бар бүкіл халыққа да арнап жеті күндік той жасады. Той патша сарайының саябағындағы аулада өтті. 6Сол орын ақ және көк түсті бәтестен тігілген перделермен безендірілген болатын. Олар мәрмәр бағаналарға тағылған күміс шығыршықтарға ақ бәтес және қырмызы түсті жіптермен байланған еді. 7Қызыл және ақ мәрмәр, маржан әрі түрлі-түсті асыл тастардан төселген еденге алтын, күміс түсті қамқамен қапталған жастықтар#1:7 Немесе: алтын мен күміс жалатқан төсектер. қойылған болатын. 8Патшаның жомарттығына сай молынан әкелінген шарап алуан түрлі үлгідегі алтын ыдыстарға құйылып беріліп отырды. Патшаның әмірімен әр қонақ еш мәжбүрленбей, қалай ішкісі келсе, солай іше алды. Себебі патша шарап тасушыларға әркімге қалағанын алып келуді бұйырған болатын.
9Астин#1:9 Ол Уашти деп те аталатын. патшайым да әйелдерге арнап Ахасуердің патшалық сарайында той жасады.
Астин патшайымның өз дәрежесінен айырылуы
10Жетінші күні шарапқа қызыңқырап алған патша қасындағы жеті сарай қызметкерін#1:10 Яки: қасындағы белінен айырылған жеті қызметкерін (Ерм 38:7). өзіне шақырып алды. Олардың есімдері Меһуман, Бизта, Харбона, Биқта, Абақта, Зетар, Қарқас болатын. Патша оларға: 11«Астин патшайымды басына тәжін кигізіп алдыма алып келіңдер!» — деп бұйырды. Патша халыққа және лауазымды адамдарға патшайымның сұлулығын көрсетпек болды. Өйткені ол аса көрікті әйел болатын. 12Алайда Астин патшайым патшаның сарай қызметкерлері арқылы жіберген бұйрығын орындаудан бас тартты. 13Бұған патша қатты ашуланып, бойында қаһары лаулады.
Содан патша елдің тарихынан хабардар данышпан кеңесшілерімен ақылдасты. Өйткені оның заңдар мен әділетті білетін күллі адамдарымен ақылдасатын әдеті бар еді. 14Сол кезде патшаға парсы және мидиялық мына жеті қызметкері#1:14 Езр 7:14. жақын жүретін: Қаршена, Шетар, Адмата, Тарсис, Мерес, Марсена, Мемухан. Олар патшаның алдына келе алатын. Бүкіл патшалықта сол жетеудің мәртебесі жоғары болды.
15Патша оларға мына сауалды қойды:
— Заң бойынша Астин патшайымға қандай шара қолданған жөн? Өйткені ол патшаның сарай қызметкерлері арқылы жіберген бұйрығын орындаған жоқ.
16Сонда Мемухан патша мен әміршілердің алдына шығып былай деді:
— Астин патшайым патша ағзамға да, өзіңізге қарайтын барша аймақтардағы күллі әміршілер мен бүкіл халықтарға да зұлымдық жасады. 17Себебі патшайымның осы қылығы жайлы басқа барлық әйелдердің құлақтарына жетпек. Сонда олар: «Ахасуер патша Астин патшайымды өз алдына әкелуді бұйырғанда ол келмей қойды!» деп, өз қожайындарын менсінбей кететін болады. 18Бүгін-ақ Персия мен Мидиядағы текті әйелдер патшайымның осы істегені туралы естіп, патшаның күллі әміршілеріне де дәл солай демек. Содан менсінбеу мен қаһарлану кең етек жаймақ.
19Патша ағзам мақұл көрсе, патшалық жарлық шығарылсын. Жарлық парсылар мен мидиялықтардың өзгертуге болмайтын заңдарына тіркеліп қосылсын. Онда Астиннің бұдан былай Ахасуер патшаның алдына келуіне болмайды деп жазылсын. Ал патша одан гөрі лайықты басқа бір патшайымды таңдап алсын. 20Сонымен патша ағзамның осы жарлығы оның бүкіл ұлан-ғайыр патшалығы бойынша жарияланғанда, әйелдердің барлығы жоғарғысынан бастап төменгісіне дейін өз қожайындарына құрмет көрсететін болады.
21Осы ұсынысты патша да, әміршілер де жөн көрді. Патша Мемуханның ұсынғаны бойынша істеп, 22патшалықтың барлық аймақтарына, әр аймаққа өз әліпбиі мен өз тілінде мына жарлықты жібертті: «Әрбір ер адам өз үйінде билік жүргізіп, өз халқының ана тілінде сөйлейтін болсын!»#1:22 (Нех 13:24) Немесе: билік жүргізуші болсын, әрі бұл оған өз халқының тілінде айтылсын!

Currently Selected:

Естер 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy