Ефестікт. хат 5
5
1Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар! 2Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер! Оның өз жанын қиғаны Құдайға ұнамды, хош иісті құрбандық іспетті болды.
3Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық. 4Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды. 5Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар және ашкөз адамдар — жалған тәңірлерге табынушылар.#5:5 Себебі олар Жаратқан Иеге емес, осы дүниелік нәрселерге беріліп, табынады. Мұндайлардың ешқайсысына да Мәсіхтің және Құдайдың Патшалығында орын жоқ. 6Ешкім де сендерді өтірік сөздерімен алдамасын! Себебі Құдайға мойынсұнбайтындарға осы күнәлары үшін Оның қаһарлы соты төніп тұр. 7Сондықтан олардың іс-әрекеттеріне сыбайлас болмаңдар!
Иеміздің нұрына кенеліп өмір сүру
8Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер! 9Ал нұрдағы#5:9 Яғни Құдай Рухының жетелеуіндегі (Ғал 5:22). өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық. 10Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып, 11түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! 12Мұндайлардың жасырын істейтіндерін айтудың өзі ұят. 13Ал түнекке нұр шашылса, ондағының бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін — нұр.#5:13 Немесе: Анық әшкереленген бар нәрсе — жарық. 14Сондықтан да былай деп айтылады:
«Оян, ей, ұйқышыл,
Рухани өлімнен тіріл!
Мәсіх саған төгеді нұр».
15Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: 16жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.#5:16 Яғни осы заманның адамдары жамандыққа құмар. 17Сондықтан ақымақ болмай, Құдай Иенің еркін біліп алыңдар. 18Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! 19Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. 20Иеміз Иса Мәсіхтің атымен#5:20 Яки: Иса Мәсіхпен тығыз байланыста жүріп және Оның еркіне мойынсұнып (Қол 3:15,17). Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Сенушілердің отбасындағы өмірі: ерлі-зайыптыларға өсиет
21Сендер Мәсіхті қастерлейтіндіктен, бір-біріңе мойынсұныңдар!
22Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;#5:22 Яки: күйеулеріңнің жетекшілігін мойындаңдар! 23өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. 24Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс.
25Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! 26Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.#5:26 Яки: Оны сөзбен, сумен шайып тазартып, Құдайдың халқы қылды (Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 10:8,17; Пет1 1:25; Қор1 6:11). 27Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза#5:27 Яки: әжімсіз, басқа да кемшіліксіз, Құдайға бағышталған, аппақ. болсын.
28Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.#5:28 Ерлі-зайыптылар өзара соншалықты тығыз байланысқан. 29Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. 30Біздер Оның#5:30 Немесе: Біздер Оның «тәні мен сүйегінен» жасалған (Жар 2:23). рухани денесінің мүшелеріміз. 31«Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған.#5:31 Жар 2:24. 32Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын. 33Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.
Currently Selected:
Ефестікт. хат 5: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: