YouVersion Logo
Search Icon

Даниял 1

1
Бабылға жер аударылған жасөспірімдердің Құдайға адалдығы
1Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы#1:1 Б.з.д. 605 ж. (Бабылдықтар жаңа патшаның билік құрған бірінші жылын келесі Жаңа жыл мерекесінен бастап қана есептесе, исраилдіктер Жаңа жыл мерекесіне дейінгі кезеңді патшаның билік құрған бірінші жылы деп санайтын. Сонымен бұл екі түрлі жыл санау жүйесінің арасында бір жылдық айырмашылық болатын.) Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды. 2Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен#1:2 Шеж2 36:5-7. Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына#1:2 Немесе: Бабыл еліне. (Шинар: Бабыл қаласының төңірегіндегі жазық. Шинар мен Бабыл ежелде-ақ Құдайға қарсы тұрған адамдардың ордасы болатын: Жар 10:10; 11:2.) әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды.
3Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды. 4Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін#1:4 Бабыл патшалығындағы күнделікті қолданылатын тіл арамей тілі болса, оқымыстылар, жұлдызшылар және абыздар сына жазуымен жазылған ежелгі Шумер және Аккад тілдеріндегі көне жазбаларға ерекше мән беретін (1:20; 2:2,4). үйренуге тиісті еді. 5Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды.
6Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел,#1:6 Немесе: Мисайл. Азариях деген балалар бар еді. 7Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.#1:7 Осылайша Бабыл билеушілері жас жігіттерге деген үстемдігін көрсетіп, олардың толық болмыстары мен бағышталғандығын Бабыл елі мен патшасына ауыстырмақ болды.
8Алайда Даниял патшаның тамағы мен шарабын ішіп-жеп өзімді арамдамаймын деген берік шешім қабылдаған болатын.#1:8 Исраилдіктер ет тағамдарын жалпы ұнатқанмен, адал (халал) емес хайуандардың етін әрі жалған тәңірлерге арнап шалынған малдың етін жеуден бас тартуға міндетті болатын (Леу 11; Заң 14:3-20). Сондықтан ол сарай қызметкерлерін басқаратын жаңағы Ашпеназ уәзірге осы туралы өтініш жасады. 9Құдай бұл уәзірдің жүрегін жібітіп, оны Даниялға оң көзімен қарайтын етті. 10Сонымен уәзірдің Даниялға берген жауабы былай болды: «Мен патша иемнен қауіптенемін. Ішіп-жейтін тағамдарыңды тағайындаған оның өзі еді ғой. Егер сендердің басқа балаларға қарағанда жүдеп бара жатқандарыңды байқап қалса, сендердің кесірлеріңнен менің басым кетеді!»
11Сонда Даниял төртеуінің үстінен қарауға уәзір бекіткен қызметкерден былай деп өтінді: 12«Тақсыр, бізге он күн бойы жеуге тек адал тағамдар,#1:12 Яки: тек көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар сияқты тағамдар (1:8). ішуге су ғана беріп сынап көрсеңіз екен. 13Содан кейін біздің түріміз бен патша дастарқанынан ішіп-жеген басқа балалардың түрін салыстырып көріңіз. Әрі қарай бізбен өз көзіңізбен көргеніңізге сай әрекет етерсіз, тақсыр».
14Қызметкер осыған келісіп, оларды он күн сынайтын болды. 15Сол он күн өткен соң байқап қараса, бұл балалардың түрлері патша дастарқанынан тамақтанған жастардың бәрінен өңдірек әрі толығырақ болып көрінді. 16Оларды басқаратын қызметкер содан бастап патшаның берген тамағы мен шарабын былай қойып, оларға тек адал тағамдар беруін жалғастыра берді.
17Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар#1:17 Яки: (бейнелі) көріністер. мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды.
18Осылайша Набуходоносор патшаның белгілеген мерзімі аяқталып, уәзір исраилдік жас жігіттерді патшаның алдына алып барды. 19Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуінің барлық жағынан да басқалардан басым екенін байқады. Сол себепті бұл төртеуі патшаға қызмет етуге кірісті. 20Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзінің бүкіл патшалығындағы абыздары мен балгерлерінен#1:20 Немесе: сәуегейлері мен балгерлерінен. (Сондай «әулиелер» басқа адамдар білмейтін жайттар, әсіресе болашақ, туралы ерекше мәліметіміз бар деп мақтанып жүретін.) гөрі олардың он есе білімдірек екенін анықтады. 21Бұдан былай Даниял парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған бірінші жылына#1:21 Парсы патшасы Кир Бабыл қаласын б.з.д. 539 ж. басып алып, бүкіл елге билік құрды (10:1). дейін сол қызметінде қала берді.

Currently Selected:

Даниял 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy