Қолостықт. хат 4
4
1Қожайындар, қызметшілеріңді#4:1 Яки: құлдарыңды (3:22; Еф 6:9). тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер.
Мінажат ету және сенбейтіндермен қарым-қатынас жасау туралы
2Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер! 3Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын. 4Менің тиісті түрде бұл хабарды ашық айта алуым үшін де Құдайға сиыныңдар.
5Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! 6Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Соңғы сәлемдер және ақ бата
7Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік#4:7 Елш 20:4; Тім2 4:12; Тит 3:12. сендерге мен туралы бәрін хабарламақ. 8Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек. 9Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым#4:9 Флм 1:10-12,16. да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді.
10Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ,#4:10 Елш 19:29; 20:4; 27:2; Флм 1:24. сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа#4:10 Елш 12:12; 13:5,13; 15:37-39; Пет1 5:13; Тім2 4:11. сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар! 11Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш.
12Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас#4:12 1:7; Флм 1:23. та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп,#4:12 Жақ 1:4. берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде. 13Оның сендерді және Лаудіки#4:13 2:1; 4:15-16; Аян 1:11; 3:14-18. мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін. 14Сүйікті дәрігер Лұқа да, Димас#4:14 Тім2 4:10-11; Флм 1:24; Лұқа жазған Ізгі хабардың және Елшілердің істерінде берілген мәліметті де қараңыз. та сәлем жолдайды.
15Лаудікидегі бауырластарымызға, әсіресе Нүмфан мен оның үйінде жиналатын қауымға, сәлем айтыңдар. 16Сендер осы хатты оқып болған соң, оны әрі қарай Лаудікидегі қауымға беріңдер, оларға жазған хатымды да оқыңдар. 17Арқыпқа: «Иеміз саған міндеттеген қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!» деген сәлемімізді жеткізіңдер.
18Енді мен, Пауыл, сендерге өз қолыммен сәлем жазып отырмын. Бұғауда екенімді естеріңде ұстаңдар! Лайым Құдай сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! (Аумин.)
Currently Selected:
Қолостықт. хат 4: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.