YouVersion Logo
Search Icon

Амос 2

2
1Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Моаб халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Моабтықтар Едом патшасының сүйегін әк іспетті күйдіріп қор қылды. 2Сол үшін Мен Моабқа от жіберемін. Сол от Кериоттың сарайларын жалмап қояды. Сонда Моаб айқай-шудың әрі әскердің шабуылдап атой салып, керней тартқан дауыстарының астында күйрейді. 3Мен Моабты басқарып жүрген биді елден аластатып, онымен бірге барлық әміршілерін де өлтіремін», — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Яһуда мен Солтүстік Исраил елдеріне шығарылған үкім
4Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Яһуданың халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Яһудалықтар Мен, Жаратқан Ие, тапсырған Таурат заңын менсінбей, ережелерімді орындамай кетті. Бұрын ата-бабалары құлшылық еткен жалған тәңірлердің жолына#2:4 (Мыс 34:15) Немесе: ата-бабалары ерген жалғандардың (яки: өтіріктердің) жолына (Жыр 4:3). енді бұлар да түсіп, адасты. 5Сол үшін Мен Яһудаға от жіберемін. Сол от Иерусалимнің сарайларын жалмап қояды».
6Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Солтүстік Исраилдің халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Исраилдіктер әділ жанды күміске, кедейді бір жұп аяқкиімге айырбастай салады. 7Олар кедейдің басын жердің топырағына таптап, бейшараны жолынан итеріп баса көктейді.#2:7 5:11-12; 8:4. Әкесі мен баласы екеуі бірдей бір жас әйелге#2:7 (Леу 18:7-8) Немесе: жалған тәңірге бағышталған тойға (8:14). барып, Менің киелі есімімді қор қылады. 8Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді.
9Ал Мен ежелде халқымның көз алдында самырсындай биік, емендей мықты Амор халқын күйреткенмін. Сонда Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын да біржола құртқан болатынмын. 10Сендердің аморлықтардың жерін иемденіп алуларың үшін Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, қырық жыл бойы айдалада ертіп жүрген едім. 11Ұлдарыңның кейбіреулерін пайғамбар,#2:11 Заң 18:18; Бил 6:8; Пат1 3:20; Ерм 7:25. жас жігіттеріңнің бірнешеуін Құдайға бағышталған назир#2:11 Рул 6:2; Бил 13:5. еттім. Солай емес пе, уа, Исраилдің үрім-бұтағы? — деп ескертеді Жаратқан Ие. — 12Алайда сендер Өзіме бағышталған назирлерге шарап ішкізіп күнә жасатып, пайғамбарларға: «Пайғамбарлық сөз айтпа!» деп тыйым салып жүрдіңдер.
13Біліп қойыңдар, егін баулары мол артылған арбаның жерге қарай шөгетіні сияқты, енді Мен де сендерге ауыртпалықты молынан түсіремін! 14Сонда жылдамдарыңның жүгіруге шамасы болмай қалады, мықтыларың да өз қуаттарынан айырылады, тіпті батырларың да өз жандарын құтқара алмайды. 15Сонда мерген тойтарыс бере алмайды, желаяқ та, салт атты да өз жандарын құтқарып қала алмайды. 16Ержүрек батыл деген жасақшылар да қару-жарағын тастап бас сауғалап#2:16 (Ерм 48:41) Яки: жасақшылар да тыр жалаңаш бас сауғалап. қашатын болады», — деп ескертеді Жаратқан Ие.

Currently Selected:

Амос 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in