Елшіл. істері 8:29-31
Елшіл. істері 8:29-31 КК 2010
Киелі Рух Філіпке: «Күймеге жақындап, қатарласып жүр!» — деді. Філіп күймеге жүгіріп барғанда, сол кісінің Ишая пайғамбардың жазбасын оқып отырғанын естіді. Оған: — Оқығаныңыз түсінікті ме? — деген сұрақ қойды. Уәзір: — Біреу түсіндірмесе, қайдан түсінейін? Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы, — деп Філіптен өтінді.