Салониқал. 2-хат 3
3
Біз үшін мінажат етіңдер
1Ал енді, бауырластар, біз үшін мінажат етіңдер: Иеміздің Ізгі хабары тура сендердегідей көп тарап, құрметке бөлене берсін. 2Иеміз бізді қара ниетті, зұлым адамдардың шабуылынан құтқара көрсін. Өйткені жұрттың бәрі бірдей сенуші емес. 3Ал Жаратқан Ие сенімді, Ол сендерге күш-жігер беріп, әзәзілдің әрекетінен сақтайды. 4Сендер Иемізбен тығыз байланыста тұрғандықтан, біз өздеріңе бұйырғанымызды қазір де, келешекте де орындайды деп сенім артамыз. 5Иеміз жан дүниелеріңді Құдайдың сүйіспеншілігіне бұрып, сендер Мәсіхтің қайта оралуын сабырмен күтсін деп мінажат етеміз.#3:5 Немесе: Иеміз жүректеріңді Құдайдың сүйіспеншілігіне және Мәсіхтің табандылығына бұра көрсін.
Еңбек ету — міндет
6Қымбатты бауырластар, Иеміз Иса Мәсіхтің атынан сендерге тағы мынаны ескертеміз: жүгенсіз жүріп, біздің өздеріңе тапсырған ілімімізге ермейтіндерден бойларыңды аулақ ұстаңдар!#3:6 3:14; Рим 16:17; Қор1 5:11. 7Бұл жерде бізден үлгі алу қажеттігін өздерің де білесіңдер. Себебі біз сендерде болғанда жұмыссыз, бос жүріп, 8басқаның нанын тегін жеген жоқпыз. Ешқайсыңа ауыртпалық түсірмеу үшін күні-түні еңбек етіп, жан сала бейнеттеніп жұмыс істедік. 9Нандарыңды жеуге қақымыз бар еді; бірақ сендер бізге еліктесін деп, үлгі болғымыз келді. 10Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.
11Ал енді кейбіреулеріңнің жүгенсіз жүргендіктерің туралы естідік. Олар жұмыс істемей, басқалардың мазасын алып, босқа сандалып жүр екен. 12Осындайларға біз тыныш еңбек етіп, өз нандарын өздері тауып жесін деп Иеміз Иса Мәсіхтің атынан бұйырып ескертеміз. 13Ал өздерің, қымбатты бауырластар, жақсылық жасаудан жалықпасаңдар екен.
14Кімде-кім біздің осы хатта айтып отырған нұсқауларымызға құлақ аспаса, соны естеріңде сақтаңдар. Өз қылығына ұялуы үшін сол кісімен араласпай қойыңдар.#3:14 3:6. 15Бірақ оған жау деп қарамай, бауырлас ретінде түсіндіріп ескертіңдер.
Соңғы баталар мен қоштасу
16Тыныштықтың бастауы — Жаратқан Иенің Өзі сендерге әрдайым қай нәрседе де тыныштық сыйлай берсін! Иеміз барлығыңа жар болғай!
17Ал мен, Пауыл, осы сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын. Хаттарымды ұдайы осылай аяқтаймын, олардың менікі екенін осыған қарап білесіңдер.
18Лайым Иеміз Иса Мәсіх барлығыңа рақымын жаудыра көрсін!
Currently Selected:
Салониқал. 2-хат 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: