YouVersion Logo
Search Icon

Патшалықтар 4-ж. 1

1
Ілияс пайғамбардың Охозияхтың кінәсін әшкерелеуі
1Ахаб патша қайтыс болғаннан кейін, Моаб халқы Солтүстік Исраилге қарсы бас көтерді.
2(Ахаб ұлы) Охозиях өзінің Самария қаласындағы сарайының жоғарғы бөлмесінің торынан құлап, қатты жарақаттанып қалған болатын. Сонда ол елшілерін жіберіп, оларға былай деп бұйырды: «Әкрон#1:2 (Еш 13:3) Філістірлер мекендеген осы қаланың аты Аккарон не Экрон деп те жазылады. қаласына барып, сондағы жұрт құлшылық ететін Бағал-Зебуб#1:2 Яки: Бағал-Зебул («Әмірші ие» не «Әмірші Бағал»). Құдайшыл исраилдіктер сол жалған тәңірдің атағының Бағал-Зебуб («Шыбындардың иесі») деп бұрмалап мысқылдайтын түрін ғана қолданатын. есімді тәңірден: Осы жарақатымнан жазылар ма екенмін деп сұрап келіңдер!»
3Ал Жаратқан Иенің періштесі тішбелік Ілиясқа мына тапсырманы берді: «Жиналып, Самария патшасының#1:3 Яғни Солтүстік Исраилдің патшасының (Пат3 13:32). елшілерінің алдынан шық. Оларға: Исраилде Құдай жоқтай, сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубке неге бара жатырсыңдар?! 4Сол үшін де Жаратқан Ие Охозияхқа мынаны айтады: Жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің! — дегенді жеткіз!» — Сонда Ілияс жолға шығып, тапсырманы орындады.
5Елшілері қайтып келгенде, патша олардан:
— Қалайша тез қайтып келдіңдер? — деп сұрады. 6Олар былай деп жауап берді:
— Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» деген хабарды жеткізіңдер! — 7Патша:
— Сол адамның түрі қандай еді? — деп сұрады. 8Олар:
— Ол үстіне жүн шапан киіп,#1:8 2:8,13; Пат3 19:19. қайыс белбеумен белін буып жүреді, — деді. Сонда Охозиях:
— Бұл — тішбелік Ілияс! — деп, 9бір елубасын елу жауынгерімен бірге Ілиясты алып келуге жіберді. Елубасы адамдарымен көтеріліп барғанда, Ілияс бір төбе басында отыр екен. Елубасы оған былай деп бұйырды:
— Ей, Құдайдың адамы!#1:9 Яғни Құдайдың (тағайындап, жіберген) хабаршысы, пайғамбары (Заң 33:1; Еш 14:6; Пат3 13:1; 17:18). Патша саған: «Төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті. — 10Ілияс оған жауап беріп:
— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп,#1:10 Яки: аспаннан жай оты түсіп (Рул 11:1; 16:35; Пат3 18:24,33-38; Әйүп 1:16; 36:32; 37:3). оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды.
11Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып:
— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді. 12Ілияс жауап беріп:
— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды.
13Патша үшінші елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Бұл елубасы төбе басына өрлеп барып, Ілиястың алдында тізесін бүгіп тағзым етіп, былай деп өтінді:
— Уа, Құдайдың адамы, өзімнің өмірімді, мына елу құлыңыздың өмірін де мүсіркеп бағалай көріңіз! 14Қараңызшы, аспаннан от түсіп, сол екі елубасын да жауынгерлерімен қоса жалмап қойды. Ал енді, менің өмірімді қия көріңіз!
15Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ілиясқа: «Оған еріп төмен түс, одан қорықпа!» — деп тапсырды. Ілияс орнынан тұрып, елубасымен бірге төмен түсіп, патшаға барды. 16Оған былай деді: «Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жібердің?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!»
Ахаб ұлы Охозиях патшаның жазалануы
17Осылайша, Жаратқан Иенің Ілияс арқылы айтқан сөзіне сәйкес, Охозиях қайтыс болды. Оның орнын басатын ұлы болмағандықтан, (туған інісі) Жорам#1:17 Осы есімнің Иорам, Ехорам деген түрлері де бар. Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Бұл Яһуда еліне Жосапат ұлы Жорамның патшалық құрған екінші жылы#1:17 Б.з.д. 852 ж. (Б.з.д. 853-848 жж. Жорам әкесі Жосапатпен бірге Яһуда еліне билік жүргізді: 3:1; 8:16.) орын алды. 18Охозияхтың қалған іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy