YouVersion Logo
Search Icon

Қорынттықт. 2-хат 5

5
1Мынаны да білеміз: жер бетіндегі «шатырымыз», яғни тәніміз,#5:1 4:7; Пет2 1:13-14. күйрегенде, адам қолы емес, Құдайдың Өзі жасаған көктегі мәңгілік мекенімізге, яғни жаңа денеге, ие боламыз. 2Қазірдің өзінде ыңқылдай күрсіне отырып, көктен келетін денелерімізді жамылатын кезді зарыға күтудеміз.#5:2 5:4; Рим 8:22-23. 3Себебі жаңа денені жамылғанда мекенсіз қалмаймыз. 4Әлі де осы «шатырда» тұрып, ауыртпалық көргенде ыңқылдай күрсініп отырмыз. Алайда ажалдан жанымыз жалаңашталмай-ақ, көктен келген денемізді бірден жамылуды қалаймыз. Сонда өткінші тұрмысымыздың орнын мәңгілік өмір ауыстырады.#5:4 Яки: Сонда мәңгілік өмір ажалды тәнімізді «жұтып қоймақ». (Тәндік денеміз шеккен азаптардан қажыған біз, Мәсіх жуырда қайта оралады деп үміттенеміз. Сонда ажалды көрмей-ақ бірден жаңа, мәңгілік денеге ие боламыз: Рим 8:23; Қор1 15:42-53; Пет1 1:13-14.)
5Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.#5:5 1:22; Рим 8:23. 6Сол себептен әрдайым жігерліміз. Әлі де қазіргі тәнімізде тұрғанда Иеміздің қасындағы мекенімізден алшақ екенімізді білеміз. 7Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен#5:7 Яғни көргендеріміз бойынша емес, сенгендеріміз бойынша (4:18; Рим 8:24-25, Қор1 13:12). өмір сүреміз. 8Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз. 9Сондықтан әлі де осы тәнімізде болайық немесе одан тыс (Иеміздің қасында) болайық, бәрібір бар ынтамен Оған ұнауға тырысамыз. 10Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.#5:10 Қор1 3:13-15.
Мәсіхпен тығыз байланыстағы «жаңа адамдар»
11Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа#5:11 5:9-10; 5:20-21. сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз. 12Тағы да өзімізді алдарыңда мақтайтын ойымыз жоқ.#5:12 Яки: өзімізді мақтап сендерге ұсынатын ойымыз жоқ (3:1; 10:18). Қайта, сендердің бізді мақтан тұта алуларыңның себебін айтып тұрмыз. Сонда сендер адамды ішкі дүниесіне емес, сырт көрінісіне ғана қарап мадақтайтын кісілерге#5:12 11:12-13; Ғал 6:12-14. жауап бере аласыңдар. 13Біз «есімізден адасқан» болсақ,#5:13 (Елш 26:24-29; Қор1 4:9-10; Мар 3:21) Көп азап шексе де, Мәсіх жайлы уағыздарын қоймағандары үшін елшілер «нақұрыс тақуалар» деп өсектелетін. Құдайға бағышталғанымыз үшін солай болып көрінгені. Ал іс жүзінде есіміздің дұрыс екендігі сендерге тиімді.
14Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.#5:14 Яғни бір Адам бәрі үшін өлгенде Оған сенушілердің барлығына да өлім жазасы жүзеге асты (5:15; Рим 6:6-7; Ғал 2:20; Қол 3:3). 15Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
16Ендеше ешкімге адам тұрғысынан қарамаймыз. Бұрын біз Мәсіхке солай қарағанмен, қазір олай етпейміз. 17Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!#5:17 Немесе: Ескі тіршілігі (яки өмір салты) ғайып болып, енді бәрі де жаңа (5:14-16; Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 6:4-14; Еф 4:22-24).
Адамдарды Құдаймен татуластыру қызметі
18Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады. 19Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды. 20Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз. 21Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.#5:21 Яки: Құдайдың алдында әділ болдық.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in