Қорынттықт. 2-хат 3
3
1Бұл тағы да өзімізді-өзіміз мақтағандай болып тұр ма? Яки кейбір басқалар сияқты сендерге немесе сендерден кепілдеме хаттарына мұқтажбыз ба? 2Жоқ, біздің «хатымыз» — өздеріңсіңдер: бәріне белгілі, бәрі де оқитын, жүрегімізге жазылған кепілдемеміз сендерсіңдер! 3Осы «хатты» біздің қызметіміз арқылы Мәсіхтің Өзінің жазып жібергендігі сендердің өмірлеріңнен анық көрініп тұр. Ол сиямен емес, мәңгі тірі Құдайдың Рухымен, тас тақташаларға емес, адамдардың жүректеріне жазылды.
4Біз Мәсіх арқылы сендер жайында Құдайға нық сенгендіктен осылай дейміз. 5Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан. 6Ол бізді жазылған заңдарға#3:6 Немесе: әріптерге. емес, Киелі Рухына негізделген Жаңа Келісімге сай қызмет етуге қабілетті қылды. Жазылған заңдар рухани өлім әкеледі, ал Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.#3:6 3:7,9; Рим 4:15; 7:9-11; Жох 6:63.
7Рас, Таурат заңы тас тақташаларға ойып жазылған әріптермен берілген кезде Құдайдың нұрлы салтанаты көрінді. Сонда Мұса пайғамбардың бет-әлпетіндегі нұрдың сәулесінің күшті болғаны сонша, исраилдіктер оған қарап тұра алмады. Дегенмен сол нұрдың сәулесі өткінші ғана еді.#3:7 3:11. Ал енді, рухани өлім әкелетін Таурат заңына сай қызмет сондай салтанатпен көрінген болса, 8онда Киелі Рухтың қызметінің салтанаты содан бетер қаншама ұлы болуға тиіс! 9Яки адамдарды үкімдейтін қызмет сондай салтанатқа кенелгенде, ақтау мен әділдік әкелетін қызмет одан да зор салтанатқа кенелген#3:9 Яки: бұдан бетер қаншама керемет (Рим 5:20-21; 8:3; Қор1 6:11; Ғал 4:31; 5:22; Мар 16:20). болуға тиіс! 10Кезінде салтанатқа кенелген Көне Келісім, өзінен әлдеқайда салтанатты Жаңа Келісімнің келуіне байланысты бар салтанатынан айырылды. 11Себебі өткінші салтанат осыншама ұлы болғанда, мәңгілік салтанат одан бетер қаншама ұлы болмақ!
12Ендеше осындай үмітке ие болған біз зор батылдықпен қызмет етеміз. 13Өшіп бара жатқан өткінші салтанатқа исраилдіктер қадала қарамасын деп, бетін пердемен жапқан Мұса#3:13 Мыс 34:33-34. сияқты істемейміз де. 14Ал солардың саналары да зердесіз болды. Олар Көне Келісімді оқығанда, ой-саналары тіпті күні бүгінге дейін сондай «пердемен» жабулы тұрған іспетті. Осы «пердені» алып тастаушы — Мәсіх. 15Әлі күнге дейін олар Мұсаның жазбаларын оқығанда жүректері «пердемен» жабулы тұрғандай. 16Ал Иемізге бет бұрғанда «перде» алынып тасталады.#3:16 Демек, Мұсаның Құдай алдына барған сайын бет пердесін алып тастағанындай, адамдар Ізгі хабарға сенген кезде Мәсіхтің құрбан болып, өздерін Таурат заңының билігінен азат еткенін анық түсінеді (Ғал 3:23-25; 4:6-7).
17Иеміз — Рух, Иеміздің Рухы бар жерде азаттық бар. 18Ал енді, бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз.#3:18 Немесе: ұлылығына меңзеп, айнадан көрсеткендей боламыз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Currently Selected:
Қорынттықт. 2-хат 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.