Қорынттықт. 2-хат 2
2
1Сол үшін де мен сендерге бармай-ақ қояйын деген шешімге келдім. Себебі барсам, өздеріңді тағы да ескертіп, ренжітуіме тура келер еді.#2:1 Бұған дейін де Пауыл оларға барып, қатаң ескертуге мәжбүр болып, өзі де, қорынттықтар да ренжіген еді (12:14; 13:1). 2Себебі егер сендерді ренжітсем, онда мені кім қуантпақ? Өзім қамықтырған сендерден басқа кім көңілімді серпілтер еді? 3Сондықтан да барып, мені қуантуға тиісті сендерден реніш табудың орнына сол хатты жазып жібердім. Бәріңнің мені қоштап, бірге қуанатындарыңа сендім. 4Оны қатты қиналып, жүрегім ауырып, көзіме жас ала отырып жаздым. Өздеріңді қайғырту үшін емес, қайта, шексіз сүйетінімді ұғындыру үшін жаздым.
Күнәкарды кешіру туралы
5Сол ренішті туғызған адам болса,#2:5 Қор1 5:1-5. оның тек мені ғана емес, бәріңді де едәуір ренжіткені; тым асырып айтпау үшін «едәуір» дедім. 6Мұндайға көпшіліктен алған жазасы жеткілікті. 7Ендеше шексіз қайғыға батпасын деп, оны кешіріп, жігерлендіргендерің дұрыс болар. 8Сонымен сендерден өтінерім: оған сүйіспеншіліктеріңді көрсетіңдер.
9Сондай-ақ, барлық жағынан да айтқандарыма құлақ асар ма екенсіңдер деп тексеріп, сынау үшін де сол хатты жазып жібердім. 10Сендер кешірген адамды мен де кешіремін. Ал менің кешіргенім — егер де оның бір айыбын кешіруім қажет болса — оны сендердің игіліктеріңді көздеп, Мәсіхтің алдында кешіргенім. 11Әзәзіл шайтан бізден амалын асырмау үшін осылай істедім, оның зымиян#2:11 Яки: арамза. ниетін жақсы білеміз.#2:11 Елші қауымның қайтадан бірігуін көздесе, әзәзіл шайтан араларына жік салып, оларды азғырмақ (Лұқ 22:31; Пет1 5:8; Ғал 5:20).
Жаңа Келісімге сай жүргізілетін рухани қызмет
12Мәсіх туралы Ізгі хабарды уағыздау үшін Троадаға#2:12 (Елш 16:8) Яки: Трояға. келген кезімде Иеміздің маған Өзінің жұмысы үшін есік ашып қойғанын көрдім. 13Бірақ сол жерден бауырласым Титті таба алмай мазам кетті. Сондықтан ондағы сенушілермен қоштасып, Македонияға жөнелдім.#2:13 Тит Қорынттағы қауымнан хабар әкелуге тиіс еді. Кейінірек Титпен кездескенде, елші Қорынт қауымындағы жақсы өзгерістерге қуанды (7:6-16).
14Алайда Құдайға шүкір: Ол Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелеп, біз арқылы Мәсіхті танудың «хош иісін» барлық жерге де таратуда.#2:14 Елші Римнің жеңімпаз қолбасшыларының әскерлері мен (өлімге не құлдыққа кесілетін) тұтқындарын ертіп, салтанатты шерумен астанаға кірулеріне, соған орай жұпар иісті заттардың түтетілуіне меңзейді. 15Себебі құтқарылу жолындағылар арасында да, тозаққа қарай бара жатқандар арасында да Құдай үшін Мәсіхтің хош иісі іспеттіміз.#2:15 Яки: Мәсіхтің Құдайға арнаған хош иісті тартуы іспеттіміз (Еф 5:2). 16Соңғылар үшін біздің таратқан Ізгі хабарымыз өлімнің шіріген иісіндей болса, алғашқылар үшін сол хабар шынайы өмірдің жұпар иісі секілді.#2:16 Қор1 1:18. Ал кім мұндай жауапты қызметті атқаруға қабілетті? 17Біз көптеген басқалар сияқты Құдайдың хабарын пайда көздеп, бұрмаламаймыз.#2:17 Яки: сатып бермейміз. Қайта, Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып, Құдайдан жіберілгендер ретінде Ізгі хабарды Оның көз алдында адалдықпен уағыздаймыз.
Currently Selected:
Қорынттықт. 2-хат 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: