YouVersion Logo
Search Icon

Салониқал. 1-хат 3

3
1Сондықтан біз одан әрі шыдай алмай, Афиныда жалғыз өзім қалайын деп шештік те, 2Тімоте бауырымызды сендерге жібердік. Ол — Мәсіхтің Ізгі хабарын тарату жөніндегі Құдайдың қызметшісі. Осы азаптар ешқайсыңды шайқалтпасын деп, Тімоте сендерді жігерлендіріп, сенімдеріңді нығайтпақ. 3Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім. 4Қастарыңда жүрген кезімізде «Қуғынға ұшырайтын боламыз» деп алдын ала айттық қой. Міне, сол айтқанымыз келді, оны өздерің білесіңдер. 5Осыған бола мен одан әрі шыдай алмай Тімотені жіберіп, сенімдерің берік пе, әлде әзәзіл азғырып, бар еңбегіміз зая кетті ме, соны білгім келді.
Тімоте алып келген қуанышты хабар
6Қазір Тімоте сендерден келіп, сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің туралы жақсы хабар әкелді. Сендердің бізді ұдайы жақсылықпен еске алып, көрсек деп сағынып жүргендеріңді айтты; біз де сендерді көрсек дейміз. 7Қымбатты бауырластар, сенімдеріңді берік ұстап жүр екенсіңдер. Бұл қиналып, қысылып отырған бізге жаңадан жігер берді. 8Енді рухымыз көтеріліп қалмақ, себебі сендердің Құдаймен байланыстарың тұрақты екен. 9Бізді өздеріңе қуантып қойған Құдайға қанша алғыс айтсақ та аздық қылады. 10Күні-түні Одан қайтадан сендермен көрістіріп, сенімдеріңнің жетіспейтін жақтарын толықтыруға мүмкіндік бере гөр деп құлшына өтінеміз.
11Осылай Құдай Әкеміздің Өзі және Иеміз Иса жолымызды сендерге бұра көрсін. 12Бір-біріңе және барлық адамдарға деген сүйіспеншіліктеріңді Иеміз біздің өздеріңе деген сүйіспеншілігіміз сияқты өсіріп, арттыра берсін. 13Осылай Ол көңілдеріңді орнықтыра көрсін. Содан сендер Иеміз Иса Мәсіх күллі қасиеттілерімен көктен түскенде,#3:13 Яки: күллі қасиетті періштелерімен көктен түскенде (4:16; Сал2 1:7; Мат 25:31; Яһд 1:14; Аян 19:11-14). Құдай Әкеміздің алдында Оған толықтай бағышталған, мінсіз боласыңдар.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Салониқал. 1-хат 3