Қорынттықт. 1-хат 9
9
Елшілердің құқықтары
1Мен ерікті емеспін бе? Елші емеспін бе? Иеміз Исаны өз көзіммен көрдім емес пе?#9:1 Кейбіреулер оның шынайы елші екендігіне күмән келтіргендіктен, Пауыл соны растау үшін Иеміздің қайта тірілгендігін аянда көргенін келтіреді. Мәсіхтің елшісі болудың негізгі шарты осы еді (Елш 1:21-22; 9:3-5). Сендер Иеміз үшін еткен еңбегімнің жемісі емессіңдер ме? 2Мен басқалар үшін елші болмаған күнде де сендерге жіберілген елші екенім сөзсіз. Менің Иеміздің елшісі екендігімнің дәлелі сендерсіңдер.#9:2 Пауылдың қызметі рухани нәтиже әкеліп, қорынттық қауым қалыптасқан болатын; Құдай Иенің оның елшілік қызметін жарылқағаны осылай дәлелденді. 3Өзімді айыптағандардан осылайша қорғанамын.
4Еңбегіміз үшін ішіп-жейтін тамақ алуға еркіміз жоқ па? 5Сондай-ақ, басқа елшілер, Иеміздің туған бауырлары#9:5 Мысалы, Яһуда мен Жақып (Мат 12:46; Яһд 1:1; Жақ 1:1). және Кефа (Петір) сияқты біздің де сенуші әйелге үйленіп, оны сапарға шыққанда ертіп жүруге қақымыз жоқ па? 6Әлде Барнаба екеуіміздің ғана кәдімгі жұмысты жасамай-ақ қызмет етіп күн көруге#9:6 4:12; 9:14; Елш 18:3; 20:34-35; Сал1 2:9; Сал2 3:7-9. еркіміз жоқ па? 7Қай жауынгер өз жалақысын өзі төлейді? Қай бағбан жүзімдік егіп, жемісін жемейді? Қай малшы мал бағып, сүтін ішпейді? 8Бұл адамдардың салты ғана ма? Құдайдың заңы да осылай дейді емес пе? 9Мұса арқылы берілген Таурат заңында: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума», — деп жазылған ғой.#9:9 Заң 25:4. Құдай бұл жерде өгіздерді ғана ойлап тұр ма, 10әлде осы айтқаны бізге де тікелей қатысты ма? Әрине, ол біз үшін де жазылған. Жер жыртушы да, астық бастырушы да еңбек етіп, өнімнен тиісті үлесімді алармын деп үміттенуі дұрыс. 11Біз жүректеріңе рухани игілік — Ізгі хабардың тұқымын септік; енді соның «өнімі» ретінде бұ дүниелік игіліктеріңнен қабылдасақ, сол тым көп болар ма еді? 12Басқалардың бұған қақысы болса, біз одан бетер қақылы емеспіз бе?
Алайда осындай хақымыз бола тұра, оны пайдаланған емеспіз. Қайта, біз Мәсіх туралы Ізгі хабардың таралуына кедергі жасамау үшін әр түрлі қиыншылықтарға шыдап келеміз. 13Ғибадатханада қызмет етушілердің сол жерден тамағын асырап отырғандарын білмейсіңдер ме? Олар шалған малдардың етін құрбандық үстеліне салғанда одан өз үлестерін алады ғой. 14Сол сияқты, Иеміз Ізгі хабарды уағыздаушылардың осы қызметтерімен күндерін көруіне әмір еткен.#9:14 Лұқ 10:7-8.
Елшінің адамдарды құтқаруға өзін жан-тәнімен бағыштауы
15Бірақ мен бұл құқықтарымның бірде-біреуін қолданған емеспін. Қазір де осыларды сендерден бір нәрсе алу мақсатында жазып отырған жоқпын. Әділ мақтанышымды ешкімнің құр сөзге айналдыруына жол бермеймін, одан да аштан өлгенім артық! 16Ал Ізгі хабарды уағыздап жүргенімнің өзі мақтануыма себеп бола алмайды, ол борышты міндетім: Ізгі хабарды уағыздамасам, қасіретке қалар едім. 17Егер оны өз еркіммен істесем, еңбегімнің ақысын күтер едім; бірақ еріксіз істегендіктен, оны сеніп тапсырылған міндетім ретінде орындап жүрмін. 18Сонымен, менің алар сыйым қайсы? Уағыздауымда құқықтарымды қолданбай, Ізгі хабарды тегін таратуым — алар сыйым, міне, осы.
19Мен бүкіл адамдардан тәуелсіз болсам да, олардың барынша көбін Мәсіхтің жолына түсіру үшін өзімді барлығының құлы еттім: 20яһудилерді сол жолға түсіру үшін араларында яһуди сияқты өмір сүремін; Таурат заңына бағынған оларды Мәсіхке әкелу үшін, өзім Тауратқа бағынышты болмасам да, араларында Тауратқа бағынатындай жүріп-тұрамын. 21Таурат заңын білмейтін басқа халықтарды Мәсіхке әкелу үшін Тауратты білмейтіндей араларында өмір сүремін. Бұл, Құдайдың заңынсыз жүремін деген сөз емес, шынында мен Мәсіхтің өсиеттеріне мойынсұнып келемін. 22Сенімі әлсіздерді#9:22 Яки: Ар-ұжданы дүдәмалдарды (8:12; 2:3; Рим 14:1). әкелу үшін соларға ұқсап өмір сүремін. Әр түрлі адамдар арасында оларға бейімделудемін. Осылай мен ең болмағанда#9:22 Яки: әр қилы амалдармен. бірсыпырасын құтқаруға ұмтыламын. 23Осының бәрін Ізгі хабардың таралуы үшін істеп жүрмін, содан мен оның игілігінен үлесімді алатын боламын.
24Жарысқа түскен жүйріктердің бәрі жүгіріп, біреуі ғана жүлдеге ие болатынын білесіңдер. Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»! 25Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі#9:25 Сол кезде жарыс жеңімпазының басына жүлде ретінде лавр жапырағынан өрілген тәж гүлдесте, яғни шір, кигізетін. Ол кейін, әрине, солып, қурап қалатын (Тім2 2:5). ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! 26Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп жүрген жоқпын, жұдырығымен ауаны босқа ұрған боксшы сияқты да емеспін. 27Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін,#9:27 Немесе: басқаларға уағыздаған мен лайықсыз болмас үшін (9:24; Флп 3:14; Қол 2:18; Мат 23:4). тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.
Currently Selected:
Қорынттықт. 1-хат 9: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.