YouVersion Logo
Search Icon

Қорынттықт. 1-хат 7

7
Некелесу мен үйленбеу жайында
1Ал енді маған жазғандарыңа тоқталайын. «Еркектердің әйелдерге жоламағаны жақсы» дейтіндерің бар екен. 2Ал азғындықтан сақтану үшін#7:2 Немесе: азғындық кеңінен таралғандықтан (6:9-11). әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын. 3Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек. 4Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде. 5Егер біраз уақыт үздіксіз Құдайға сиынуға#7:5 Немесе: біраз уақыт ораза ұстап Құдайға сиынуға. алдын ала келісіп алған болмасаңдар, бір-біріңнен бас тартпаңдар! Содан кейін тағы бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, әзәзіл шайтанның азғыруына ерулерің мүмкін. 6Ал осы айтқаным бұйрық емес, рұқсат қана. 7Бәрінің өзім сияқты ұстамды, некесіз болғанын қалар едім. Бірақ әркімнің Құдай сыйлаған өз дарыны бар; біреу былай болса, біреу олай.
8Үйленбегендер мен жесірлердің мен сияқты салт басты болып қала бергені жақсы деймін. 9Ал егер өздеріне ие бола алмаса, онда үйленсін. Себебі құмарлықтың отына күйіп-жанғанша, үйленгендері жақсы.
10Үйленгендерге мен ғана емес, Иеміздің Өзі: «Әйелі күйеуінен ажыраспасын!» — деп бұйырады.#7:10 Мат 19:4-6; Мар 10:6-9. 11Ал егер ажырасып кетсе, онда салт басты болып қала берсін, не күйеуімен қайта татулассын! Күйеулер де әйелдерінен ажыраспасын! 12Басқа жұптарға Иеміз емес, өзім#7:12 Демек: Осында Пауыл Иеміз Мәсіхтің арнайы бұйрығымен емес, Оның Киелі Рухының өзін жетелеуімен нұсқау береді (7:6,25,40). былай деймін: бір ба­уыр­ла­сы­мыздың әйелі Мә­сіх­ке сен­бей­тін кісі бол­са және әйелі онымен бірге қалуға келіссе, онда ол ажыраспауға тиіс. 13Сол сияқты, сенуші әйелдің сенбейтін күйеуі онымен бірге қалуға келіссе, онда әйелдің де ажырасуына болмайды. 14Себебі сенбейтін еркек сенуші әйелінің арқасында және сенбейтін әйел сенуші күйеуінің арқасында Құдайдың қасиетті әсерінің аясында болады. Әйтпесе балаларың құдайсыздардың балалары іспетті болар еді. Керісінше, олар да Құдайдың қасиетті әсерінің аясында. 15Алайда егер сенбейтін жұбайы ажырасқысы келсе, ажырассын. Мұндай жағдайда оның сенуші жұбайы некеде қалуға мәжбүр емес. Қайтсе де, Құдай біздерді татулықта тұруға шақырған болатын. 16Мүмкін сен, әйел, күйеуіңді құтқарылуға алып келерсің, немесе сен, күйеу, әйеліңді құтқарылуға әкелетін шығарсың, соны анық білмейсің ғой!
Құдай бұйырған тағдырды қабылдау туралы
17Тек әркімге Құдай Иеміз нені белгілеп, оны неге шақырса, ол солай өмір сүре берсін! Осы ережені барлық қауымдарға да айтамын. 18Кім Мәсіхтің жолына шақырылғаннан бұрын сүндеттелген болса, онысын жасырмасын. Ал бұған дейін сүндеттелмеген сенушілер сол рәсімнен өтпей-ақ қойсын.#7:18 Сол заманда адамдар сүндеттеу рәсімі арқылы яһуди дініне кіріп, Исраил халқына қосылатын (Жар 17:11; Елш 15:5). 19Сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес, бастысы — Құдайдың өсиеттерін орындау.
20Әрқайсың сенімге шақырылған кезде кім болсаң, сол күйіңде қал! 21Құл болып шақырылдың ба, оныңа қысылма. Ал егер еркіндік алу мүмкіндігің болса, дұрысы, соны пайдалан.#7:21 Немесе: екеуінің дұрысын пайдалан. (Сол заманда кейбір басыбайлылардың жағдайы кедей еріктілердікінен гөрі жақсырақ болатын.) 22Себебі Иеміз шақырған құл — «Иеміздің рухани азат адамы»,#7:22 Немесе: «Иеміз күнәнің құлдығынан босатқан адам». сол сияқты, Иеміз шақырған азат адам — «Мәсіхтің құлы». 23Сендер үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етілдіңдер, енді «адамдардың құлы»#7:23 Немесе: адамдарға тәуелді. болып қалмаңдар! 24Бауырластарым, әрқайсың шақырылған кезде кім болсаң, сол күйіңде Құдаймен жүре бер.
Сенуші бойжеткендер мен жесірлерге қиын-қыстау кездегі ақыл-кеңес
25Бойжеткендерге қатысты Иеміздің маған берген бұйрығы жоқ. Бірақ Оның рақымымен сенімді қызметшісі болдым, сол ретінде пікірімді білдіремін: 26болып жатқан ауыр жағдайларға байланысты әркім күйі қандай болса, сол күйінде қала бергені жақсы деп ойлаймын. 27Бір әйелге басың байланған болса, онымен қатынасыңды үзуге ұмтылма! Салт басты болсаң, әйел іздеме! 28Ал егер үйленсең, мұның күнә емес. Бойжеткен тұрмысқа шықса, ол да күнә емес. Бірақ үйленгендер өмірлерінде көп ауыртпалық көреді, сендер соны көрмесеңдер екен деймін.
29Менің айтайын дегенім мынау, бауырластарым: осы заманның ақыры таяп қалды.#7:29 Сол себептен бұ дүниеде Құдайға қызмет ете алатын уақытымыз аз (7:31; Жох 9:4; Еф 5:16). Сондықтан бұдан былай әйелі барлар үйленбегендей, 30жоқтау айтып жүргендер жоқтамағандай, шаттанып жүргендер қуанбағандай, ал дүние-мүлік сатып алғандар меншігі жоқ іспетті Құдайға қызмет ете берсін! 31Осы дүниенің қам-қарекетін жасап жүргендер оған тым беріліп кетпесін! Себебі дүниенің қазіргі қалпы жуырда сап болып, жойылады.
32Жалпы, сендерді уайым-қайғы баспаса екен деймін. Үйленбеген ер адам Иемізге ұнауға ұмтылып, Оның ісінің қамын ойлайды. 33Ал үйленген ер адам жұбайының көңілін табуға тырысып, осы дүниелік істердің қамын жейді. Содан ол екіойлы болып жүреді.#7:33 Немесе: Тұрмысқа шыққан және үйленбеген әйелдердің арасында да осындай айырмашылық бар. 34Сол сияқты, үйленбеген әйел мен қыз Иеміздің істерінің қамын ойлай отырып, жан-тәнімен Оған берілмек. Ал тұрмысқа шыққан әйел күйеуіне ұнауға тырысып, осы дүниелік істердің қамын жейді. 35Сендерге бұғау салғым келмейді, қайта, игіліктерің үшін, сендер ұдайы әрі кедергісіз Жаратқан Иемізге бағышталып дұрыс өмір сүрсеңдер екен деп, осыны айтып отырмын.
36Ал егер біреу бойжетіп қалған қызымды ұзатпай қартайтып қойсам, бұным дұрыс болмас деп ойлап оның тұрмысқа шығуын қажет деп тапса, ол қалағанын істесін. Онысы күнә емес, қызы күйеуге шықсын.#7:36 Немесе: Біреу қалыңдығыма үйленбей дұрыс қылмаймын деп, құмарлығы аса күшті боп, үйлену керек деп сезінсе, қалауы бойынша некелессін, бұл күнә емес. 37Алайда кім ешбір қожайын мен сыртқы ықпалдың күштеуінсіз берік шешімге келсе, яғни өз еркімен іс-әрекет жасай алып, қызымды ұзатпаймын деген байламға тоқтаса, онысы дұрыс.#7:37 Немесе: Алайда егер берік байламға келіп, ешқандай қысым көрмей, өз еркін билей алса, қызға үйленбеймін деген шешімі дұрыс. 38Сонымен, бойжетіп қалған қызын ұзатқан дұрыс істейді, ал ұзатпайтын одан бетер дұрыс істейді.#7:38 Немесе: Сонымен, қалыңдығына үйленген дұрыс істейді, ал үйленбеген одан бетер дұрыс істейді.
39Некедегі әйел күйеуінің көзі тірісінде оған басы байлаулы. Күйеуі өлсе, кімге тием десе де өз еркі,#7:39 Рим 7:2. тек екеуі де Иемізбен тығыз байланыста тұрсын.#7:39 (Қор2 6:14) Немесе: тек Иеміздің жетелеуімен шешім қабылдасын. 40Ал ең қолайлысы қайтадан тұрмыс құрмау. Бұл өз пікірім, ал мені де Құдайдың Рухы жетелейді деп ойлаймын.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in