Қорынттықт. 1-хат 16
16
Мұқтаждықтағы қауымдарға жәрдем
1Енді Құдайдың мұқтаждық көріп жүрген (Яһудеядағы) халқына көмек жинау#16:1 Елш 24:17; Рим 15:25-26. туралы: Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға берген нұсқауларыма сай әрекет жасаңдар. 2Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан#16:2 Яғни әрқайсыларың Құдайдың рақымымен қолдарыңа түскен табыстарыңнан. бөлектеп, сақтап қойыңдар. Осылайша мен сендерге барған уақытта оларды жинаудың қажеті болмайды. 3Сол кезде өздерің сәлемдемелеріңді апару үшін таңдап алған адамдарыңа сенімхаттарымды беріп, оларды Иерусалимге шығарып саламын. 4Егер өзімнің де баруым жөн болса, онда бірге барармыз.
Елшінің жоспарлары, соңғы өтініштері және сәлемі
5Мен сендерге Македония арқылы сапар шегіп келмекпін. Себебі сол өлкемен өтетін ойым бар. 6Ал сендерде біраз тоқтап, тіпті қыстап та қалуым мүмкін. Осылай қай жаққа сапарымды жалғастырсам, мені жолға шығарып сала аласыңдар. 7Себебі қазір жолай соққым келмейді; Иеміз қаласа, біраз уақыт өздеріңмен бірге болсам деп үміттенемін. 8Алғашқы өнім мейрамына#16:8 Яки: Елуінші күн мейрамына (Елш 2:1). дейін Ефес қаласында болмақпын. 9Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес.
10Тімоте#16:10 4:17; Қор2 1:1; Елш 16:1-3. сендерге келіп жатса, оның араларыңда алаңсыз жүруіне көңіл бөліңдер. Тімоте де мен сияқты Иеміздің ісімен айналысуда. 11Ешқайсың оны елемей жүрмеңдер,#16:11 Сол кезде Тімоте жас әрі момын адам болған сияқты (Тім1 4:12). аман-есен жолға шығарып салып, маған қайтып келуіне жағдай жасасаңдар екен. Тімотенің өзге бауырластарымызбен бірге қайта оралуын күтудемін.
12Ал бауырласымыз Аполлос#16:12 1:12; 3:5,22; Елш 18:24-28; 19:1. болса, оны сендерге баратын бауырластарға ілессін деп әлденеше рет жігерлендірдім, бірақ бұл жолы оның барғысы келген жоқ;#16:12 Немесе: Бірақ бұл жолы оның баруына Құдайдың еркі болмай тұр. сәті түскенде барар.
13Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар! 14Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!
15Степан мен оның үй ішін білесіңдер, олар Ахаядағы#16:15 Ахая (Ахейя) өлкесі — Грекияның оңтүстік бөлігі (Елш 18:12; 19:21). алғашқы сенушілер арасында болып, өздерін Құдайдың халқына қызмет етуге бағыштап келеді. Бауырластар, сендерден өтінемін: 16осындай адамдардың және олармен істес болып, қажырлы еңбек етіп жүргендердің жетегіне сендер де еріңдер. 17Степан, Фортунат және Ахайықтың келгендеріне қатты қуанып қалдым. Олар сендердің жоқ екендіктеріңнің орнын толтырып, 18мені де, өздеріңді де рухтандырды. Мұндай адамдар шынында да қадірленуге лайық.
19Азия өлкесіндегі#16:19 Азия өлкесі: бүгінгі Түркия елінің батыс жағы, Ізмір қаласының маңайы (Елш 19:10). қауымдар сендерге сәлем жолдайды. Ақила мен Прискила және олардың үйінде жиналатын қауымнан Иемізбен жүрген сендерге дұғай сәлем. 20Мұндағы барлық бауырластар да сәлем айтуда. Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,#16:20 Немесе: Бір-біріңді қасиетті сүйіспен (яғни шын жүректен бетінен) сүйіп. (Сол замандарда бұл бір-бірін шынайы қадірлеп, жақсы көрудің сыртқы белгісі болатын: Пат1 10:1; 20:41; Нқл 7:13; Елш 20:37; Рим 16:16.) сәлемімізді жеткізіңдер. 21Енді мен, Пауыл, сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын.
22Иемізді сүймейтін әркімді Құдайдың қарғысы атпақ.#16:22 Яки: Иемізді сүймейтін, Оған бағынбайтын әркім Құдайдың қаһарына ұшырайды (Жох 3:36; Ғал 1:8-9); немесе: қауымнан аластату керек (5:5). Иеміз, келе гөр!#16:22 Түпнұсқа тілінде: Мараната! 23Сендерге Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! 24Менің сүйіспеншілігім Мәсіх Исамен байланысқан бәріңмен бірге. (Аумин.)
Currently Selected:
Қорынттықт. 1-хат 16: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.