YouVersion Logo
Search Icon

Шежірелер 1-ж. 27

27
Жасақ бөлімдері
1Төменде исраилдік әулет басшылары, мыңбасылар, жүзбасылар және олардың басқарушыларының тізімі берілген. Бұлар әр жылда кезектесіп, бір айдан қызмет етіп шығатын жасақ бөлімдеріне басшылық ететін. Осылай олар сол жасақ бөлімдеріне байланысты күллі міндеттерін атқарып патшаға қызмет көрсететін. Әрбір жасақ бөлімі жиырма төрт мың сарбазды қамтитын.#27:1 Немесе: жиырма төрт сарбаздар тобын қамтитын. (Осыдан кейінгі аяттарда да солай.)
2Жиырма төрт мың сарбазды қамтыған бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы Забдиелдің ұрпағы Яшобам#27:2 11:11. болды. Осы бөлім бірінші айда қызмет ететін. 3Яһуда руындағы Парес әулетінен шыққан осы Яшобам бірінші айда жасақтағы барлық сардарларға#27:3 Яки: барлық сарбаздар басшыларына. басшылық ететін. 4Ахоахтың ұрпағы Додай#27:4 11:12. жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, екінші айда қызмет ететін екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. Оның қол астындағы әмірші Миқлот еді.#27:4 8:32; 9:37-38.
5Діни қызметкер Еходайдың ұлы Бенаях жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, үшінші айда қызмет ететін үшінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 6Осы Бенаях атақты Отыз батырдың ішіндегі ерен батыры және солардың басшысы болатын. Оның ұлы Амизабад әкесінің қол астындағы әмірші еді. 7Жоғабтың туған інісі Асахил жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, төртінші айда қызмет ететін төртінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.#27:7 2:16; 11:26; Пат2 2:23. Кейін Асахилдің ұлы Забадиях әкесінің орнын басып қолбасшы болып тағайындалды.
8Израқ әулетінен шыққан Шамхут жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, бесінші айда қызмет ететін бесінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 9Текоялық Икеш ұлы Ирақ жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, алтыншы айда қызмет ететін алтыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 10Ефрем руынан шыққан пәлеттік Хелес#27:10 (11:27) Яки: пелондық Хелес. жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, жетінші айда қызмет ететін жетінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 11Зарах әулетінен шыққан хушалық Сипхай#27:11 11:29; 20:4; Пат2 21:18. жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, сегізінші айда қызмет ететін сегізінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
12Бунямин руынан шыққан анатоттық Әбиезер жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, тоғызыншы айда қызмет ететін тоғызыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 13Зарах әулетінен шыққан нетопаттық Маһарай#27:13 11:30. жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, оныншы айда қызмет ететін оныншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 14Ефрем руынан шыққан пиратондық Бенаях#27:14 11:31. жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он бірінші айда қызмет ететін он бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. 15Отниел әулетінен шыққан нетопаттық Хелдай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он екінші айда қызмет ететін он екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
Руларды басқаратын әкімдер
16Исраилдің руларын басқаруға тағайындалған әкімдер мыналар болды: Рубен руын — Зіхри ұлы Елиезер, Шимон руын — Маха ұлы Шафатиях, 17Леуі руын — Кемуел ұлы Хашабиях, Һаронның ұрпақтарын — (діни қызметкер) Садық,#27:17 15:11; 24:3,6; 29:22. 18Яһуда руын — Дәуіттің ағайыны Еліху, Исашар руын — Михайл ұлы Омри, 19Забулон руын — Абадиях ұлы Ишмаях, Нафталим руын — Азриил ұлы Еримот, 20Ефрем руын — Азазиях ұлы Ошия, Манаса руының жартысын — Педаях ұлы Жоел, 21Манаса руының Ғилақад аймағындағы жартысын — Зәкәрия ұлы Иддо, Бунямин руын — Әбенир ұлы Ясиел, 22Дан руын — Ерохам ұлы Азарил басқаратын.
Исраил руларының басшылары осылар болды.
23Дәуіт Исраил елінде санақ жүргізгенде,#27:23 21:2-5. жасы жиырмадағы немесе одан төмен адамдарды санаған жоқ. Себебі Жаратқан Ие Исраил халқын аспандағы жұлдыздардай көп қыламын деп уәде берген болатын.#27:23 Жар 15:5; 22:17; 26:4. 24Сарұяның ұлы Жоғаб ересек ер адамдарды санай бастағанмен, онысын аяқтамады. Санақтың кесірінен Жаратқан Ие Исраилге қаһарын төкті. Сол себепті осы санақтың нәтижесі «Дәуіт патшаның билігінің шежіре кітабына» кіргізілген жоқ.
Патшаның мал-мүлкінің үстінен қарайтын қызметкерлері
25Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует, ал басқа қалалар мен елді мекендердегі және бақылау мұнараларындағы қоймаларын Ұзиях ұлы Жонатан басқаратын. 26Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын. 27Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей, ал шарап қоймаларын шефамдық Забди басқаратын. 28Батыстағы төменгі қыраттарда зәйтүн және тұт ағаштарын#27:28 Шеж2 1:15. өсірумен айналысушыларға гедерлік Бал-Ханан басшылық ететін, ал зәйтүн майы сақталатын қоймалардың басқарушысы Жоғас болатын. 29Шарондық Шитрай Шаронның маңында#27:29 5:16. жайылатын мүйізді ірі қара малды басқаратын, ал Адлай ұлы Шапат аңғарлардағы мүйізді ірі қара малды бағушылардың үстінен қарайтын. 30Түйе өсіруді ысмағұлдық Обил, есек өсіруді мероноттық Едиях, 31ал қой-ешкілерді өсіруді ажарлық#27:31 5:10. Жазиз басқаратын.
Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды.
Патшаның кеңесшілері
32Дәуіттің әкесінің ағайыны Жонатан патшаның кеңесшісі болды. Жонатан зерек, көп оқыған адам еді. Ахамони ұлы Ехиел патшазадаларға#27:32 Яғни патшаның ұлдарына. тәлім-тәрбие беретін. 33Ахитопел де патшаның кеңесшісі, ал архилік Хушай патшаның досы әрі жеке кеңесшісі болатын.#27:33 Пат2 15:12,31,32,37; 17:23. 34Ахитопел өлгеннен кейін Бенаях ұлы Еходай мен Абиятар оның орнын басты. Жоғаб патша жасағының қолбасшысы болды.#27:34 27:5; 11:6; Пат3 1:7.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in