1
Римдіктерге хат 6:23
Киелі кітап
КК 2010
Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.
Compare
Explore Римдіктерге хат 6:23
2
Римдіктерге хат 6:14
Күнә сендерге билігін жүргізбеуі керек, себебі сендер енді Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынасыңдар.
Explore Римдіктерге хат 6:14
3
Римдіктерге хат 6:4
Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік». Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек!
Explore Римдіктерге хат 6:4
4
Римдіктерге хат 6:13
Дене мүшелеріңді күнә жасау үшін қолданып әділетсіздіктің құралы етпеңдер! Қайта, сендер рухани өлімнен шынайы өмірге өтіп келдіңдер; сондықтан өздеріңді Құдайдың қызметіне арнап, дене мүшелеріңді де Оған бағыштап, оларға әділ істер істетіңдер!
Explore Римдіктерге хат 6:13
5
Римдіктерге хат 6:6
Мынаны білеміз ғой: бұрын өзіміз кім болсақ, сол күнәкар болмысымыз Мәсіхпен бірге айқышта өлді. Осылай біздің күнә билеген болмысымыз күшінен айырылды, сондықтан енді күнәнің құлы емеспіз!
Explore Римдіктерге хат 6:6
6
Римдіктерге хат 6:11
Сендер де өздеріңді «күнәға жоқпыз, енді Құдайдың құрметі үшін Иса Мәсіхпен тығыз байланыста өмір сүреміз» деп есептеңдер!
Explore Римдіктерге хат 6:11
7
Римдіктерге хат 6:1-2
«Бұдан қандай қорытынды шығады? (Құдай күнәларымызды кешіретіндіктен) Оның рақымы молайсын деп күнә жасай берейік пе?» Жоқ, олай істеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды ғой. Біз (сенушілер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық. Қалайша бұдан былай күнә жасап өмір сүрмекпіз?!
Explore Римдіктерге хат 6:1-2
8
Римдіктерге хат 6:16
Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер.
Explore Римдіктерге хат 6:16
9
Римдіктерге хат 6:17-18
Құдайға шүкір, сендер бұрын күнәнің құлы болғанмен, енді алған тәлімнен тапқан ақиқатқа бет бұруға шын жүректен шешім қабылдадыңдар. Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Explore Римдіктерге хат 6:17-18
Home
Bible
Plans
Videos