1
Римдіктерге хат 12:2
Киелі кітап
КК 2010
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Compare
Explore Римдіктерге хат 12:2
2
Римдіктерге хат 12:1
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Explore Римдіктерге хат 12:1
3
Римдіктерге хат 12:12
Әрдайым үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдап, Құдайға ұдайы сиыныңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:12
4
Римдіктерге хат 12:21
Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!
Explore Римдіктерге хат 12:21
5
Римдіктерге хат 12:10
Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:10
6
Римдіктерге хат 12:9
Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:9
7
Римдіктерге хат 12:18
Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:18
8
Римдіктерге хат 12:19
Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз.
Explore Римдіктерге хат 12:19
9
Римдіктерге хат 12:11
Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін!
Explore Римдіктерге хат 12:11
10
Римдіктерге хат 12:3
Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:3
11
Римдіктерге хат 12:17
Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар.
Explore Римдіктерге хат 12:17
12
Римдіктерге хат 12:16
Өзара ынтымақтас болыңдар; өркөкірек емес, кішіпейіл болып, өздеріңді басқалардан ақылды санамаңдар!
Explore Римдіктерге хат 12:16
13
Римдіктерге хат 12:20
Ал «жауың сенің аш болса тамақтандыр, Егер де шөлдесе шөлін қандыр! Мұныңменен сен басына оның Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың».
Explore Римдіктерге хат 12:20
14
Римдіктерге хат 12:14-15
Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер! Қуанғандардың қуанышына, қайғыланғандардың қайғысына ортақтасыңдар!
Explore Римдіктерге хат 12:14-15
15
Римдіктерге хат 12:13
Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар!
Explore Римдіктерге хат 12:13
16
Римдіктерге хат 12:4-5
Денеміздің мүшелерінің көп, әрі олардың атқаратын қызметтерінің әр түрлі екеніндей, біз бәріміз де көптігімізге қарамастан Мәсіхтің рухани денесіміз, осылай өзара байланысқан мүшелеріміз.
Explore Римдіктерге хат 12:4-5
Home
Bible
Plans
Videos