1
Руларды санау 22:28
Киелі кітап
КК 2010
Сонда Жаратқан Ие мәшіге тіл бітіріп, ол: — Мені үш рет қатарынан ұрып-соғатындай саған не жаздым? — деп сұрады.
Compare
Explore Руларды санау 22:28
2
Руларды санау 22:31
Сонда Жаратқан Ие Балағамның көзін ашып, ол Жаратқан Иенің періштесінің қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрғанын көрді. Балағам оның алдында иіліп, етпетінен жерге жығыла кетті.
Explore Руларды санау 22:31
3
Руларды санау 22:32
Періште оған: — Не себептен сен мәші есегіңді үш рет қатарынан ұрып-соқтың? Мен өзім бөгет болу үшін саған қарсы шыққан едім. Себебі сен маған қыңырлана мойынсұнбайсың. Жүрген жолың сені менің көз алдымда тұңғиыққа құлатпақ!
Explore Руларды санау 22:32
4
Руларды санау 22:30
Ал есек Балағамға: — Баяғыдан бері мініп келе жатқан мәші есегің емеспін бе? Бұрын-соңды менің осындай әдетім болып па еді? — деген сұрақ қойды. Балағам оған: — Жоқ, — деп жауап берді.
Explore Руларды санау 22:30
5
Руларды санау 22:29
Балағам есекке: — Мені келеке қылғаның үшін. Егер қолымда семсер болса, сені өлтіре салар едім! — деп дауыстады.
Explore Руларды санау 22:29
6
Руларды санау 22:27
Жаратқан Иенің періштесін көрген мәші есек жерге жата кетті. Бұдан Балағамды ашу кернеп, есегін таяғымен ұра бастады.
Explore Руларды санау 22:27
Home
Bible
Plans
Videos