1
Ешуа 10:13
Киелі кітап
Сонда халық жауларын жазалап болғанға дейін күн мен ай тоқтап тұрды. Бұл оқиға жайында «Яшардың кітабында» жазылған. Сол кезде күн дәл төбеде тұра қалып, шамамен бір күн бойы батуға асықпады.
Compare
Explore Ешуа 10:13
2
Ешуа 10:12
Жаратқан Ие аморлықтарды исраилдіктердің қолдарына тапсырған күні Ешуа бүкіл Исраил жасағының көз алдында Жаратқан Иеге сиынып: «Күн Гибеон үстінде тоқтай тұрсын, ай да Аялон аңғары үстінде аялдай тұрсын», — деп мінажат етті.
Explore Ешуа 10:12
3
Ешуа 10:14
Жаратқан Иенің пенденің сөзіне құлақ асып, оның айтқанын осылайша орындаған бұрын-соңды бірде-бір күн болған емес. Себебі шынымен Жаратқан Иенің Өзі Исраил үшін соғысты.
Explore Ешуа 10:14
4
Ешуа 10:8
Жаратқан Ие Ешуаны: «Бұлардан қорқушы болма! Мен оларды сенің қолыңа тапсырып қойдым. Ешқайсысы да саған қарсы тұра алмайды!» — деп жігерлендірген болатын.
Explore Ешуа 10:8
5
Ешуа 10:25
Ешуа оларға: «Еш нәрседен қорқып, уайымдамаңдар! Қайратты да батыл болыңдар! Сендерге қарсы соғысқан барлық жауларыңа да Жаратқан Ие солай істейді», — деді.
Explore Ешуа 10:25
Home
Bible
Plans
Videos