Оның құрған билігі арта түсіп,
Орнатқан тыныштығы шексіз болады,
Өзі Дәуіттің тағына отырып,
Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,
Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,
Ақиқатты да ұстанатын болады.
Барлық қайрат-жігерімен бұларды
Әлемнің Иесі іске асырады!