1
Ишая 6:8
Киелі кітап
Бұдан кейін Тәңір Иенің: — Мен кімді жіберейін? Біздің хабаршымыз кім болады? — деген даусын естідім. — Мен бармын, Ием. Мені жібере гөр, — деп жауап бердім.
Compare
Explore Ишая 6:8
2
Ишая 6:3
Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды.
Explore Ишая 6:3
3
Ишая 6:5
Сонда мен дауыстап: «Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым! Себебі мен күнәкармын, аузымнан шыққан сөздерім арам, әрі сөйлеген сөздері арам халықтың арасында тұрып жатырмын. Сонда да мен Патшаны, Әлемнің Иесін, өз көзіммен көрдім!» — дедім.
Explore Ишая 6:5
4
Ишая 6:1
Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты.
Explore Ишая 6:1
5
Ишая 6:7
Ол шоқты аузыма тигізіп былай деді: «Міне, бұл еріндеріңе тиді. Енді сен әділетсіз істеріңнен арылып, күнәңнің арамдығынан тазардың».
Explore Ишая 6:7
6
Ишая 6:2
Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды. Әрқайсысында алты қанаттан болды, солардың екеуімен бетін, тағы екеуімен денесін жауып, қалған екеуімен ұшатын.
Explore Ишая 6:2
7
Ишая 6:6
Осы кезде жалындаған періштелердің бірі құрбандық үстелінен жанып тұрған көмір шоғынан көсеумен алып, маған ұшып келді.
Explore Ишая 6:6
8
Ишая 6:9
Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды: — Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!»
Explore Ишая 6:9
9
Ишая 6:10
Бұл халықтың жүректерін қасарысқан сезімсіз, құлақтарын керең, көздерін соқыр қыл! Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен ұғынып, теріс жолдарынан қайтып, рухани дертінен сауығар еді.
Explore Ишая 6:10
Home
Bible
Plans
Videos