1
Ишая 49:15
Киелі кітап
КК 2010
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!
Compare
Explore Ишая 49:15
2
Ишая 49:16
Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Explore Ишая 49:16
3
Ишая 49:25
Бірақ Жаратқан Ие мынаны айтады: — Күшті жаудың тұтқындары тартылып алынып, жеңімпаздың олжасы қайтып алынады! Сенімен арпалысып келген жауыңмен Өзім алысып, адамдарыңды босатамын!
Explore Ишая 49:25
4
Ишая 49:6
Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Сен Менің Қызметшімсің, Жақыптың шашыраған руларын қайтадан біріктіресің. Сен тек Исраил халқынан аман сақтап қалғандарымды ғана Өзіме қайтарып қоймайсың. Сені басқа ұлттар үшін де жарық Нұр болуға белгіледім! Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!»
Explore Ишая 49:6
5
Ишая 49:13
Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады.
Explore Ишая 49:13
Home
Bible
Plans
Videos