1
Ишая 45:3
Киелі кітап
КК 2010
Қараңғы жерлерде сақталған қазыналарды, жасырын орындарда жатқан байлықтарды саған табыс етемін. Осылай Менің кім екенімді білетін боласың: сені атыңды атап Өзіме қызмет етуге шақырған Жаратқан Иемін, Исраилдің Құдайымын!
Compare
Explore Ишая 45:3
2
Ишая 45:2
«Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын».
Explore Ишая 45:2
3
Ишая 45:5-6
Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Шығыстан батысқа дейінгі аралықтағы адамдардың бәрі Менен өзге бірде-бір құдай жоқ екеніне көз жеткізсін! Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын.
Explore Ишая 45:5-6
4
Ишая 45:7
Жарықты да, қараңғылықты да Мен жараттым, не амандық орнатып, не апат жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, мұның бәрін істеймін.
Explore Ишая 45:7
5
Ишая 45:22
Ей, жердің түкпір-түкпіріндегілер, Маған бет бұрыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Жалғыз Құдай Менмін, өзге құдай жоқ!
Explore Ишая 45:22
6
Ишая 45:1
Мен, Жаратқан Ие, Өзім тағайындаған Кир патшаны оң қолынан сүйемелдеп, оған халықтарды бағындырамын. Оның алдынан есіктерін ашып, қала қақпаларын жапқызбау үшін елдердің патшаларының сауыт-саймандарын шештіріп тастаймын. Кир патшаға былай деймін
Explore Ишая 45:1
7
Ишая 45:23
Аузымнан тек шындық шығады, Мен сөзімнен қайтпаймын. Өз атыммен былай деп ант етемін: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Маған ант беріп бағынып
Explore Ишая 45:23
8
Ишая 45:4
Өзімді әлі білмеген кезіңде-ақ сені атыңды атап шақырып, жоғары лауазымға тағайындаймын. Мұны өз қызметшім үшін, Жақыптың үрім-бұтағы, таңдап алған Исраил халқым үшін істеймін.
Explore Ишая 45:4
Home
Bible
Plans
Videos