Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:
— Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой!
Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын! Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.