1
Езекиел 34:16
Киелі кітап
КК 2010
Мен жоғалғандарын іздеп, адасқандарын қайтарып алып келетін боламын. Мертіккендерін байлап-таңып, әлсіздерін күшейтемін. Бірақ қоңдылары мен қуаттыларын бақылап, (бағынбайтындарын) жоямын. Осылайша отарымды әділдікпен бағатын боламын.
Compare
Explore Езекиел 34:16
2
Езекиел 34:12
Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын.
Explore Езекиел 34:12
3
Езекиел 34:11
Сонымен Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, енді Мен Өзім қойларымды іздеп, тауып алып, бағамын.
Explore Езекиел 34:11
4
Езекиел 34:15
Мен Өзім қойларымды бағамын әрі дем алдырып тынықтырамын, — деп уәде береді Жаратушы Тәңір Ие.
Explore Езекиел 34:15
5
Езекиел 34:31
«Осылайша сендер Менің жайылымымда бағып жүрген «отарым» — адамдарымсыңдар, ал Мен сендердің Құдайларыңмын!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.
Explore Езекиел 34:31
6
Езекиел 34:2
«Пендем, Исраилдің «отарын бағушы» жетекшілеріне қарсы Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, өздерін ғана бағатын Исраилдің бақташылары, сендер қасіретке қаласыңдар! Қойды баққан отарын қамқорлауға міндетті емес пе?
Explore Езекиел 34:2
Home
Bible
Plans
Videos