Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:
«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!
Құдай мейірімді де қайырымды,
Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.
Құдай әрдайым сөзінде тұрады;
Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,
Өзіне қарсы шығып теріс қылықтарды
Жасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,
Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,
Аталарының теріс қылықтары үшін
Жазалайды балалары мен немерелерін,
Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».