Жаңа жарлыққа сай, әрбір қаладағы яһудилерге бас қосып, өздерін қорғауға патшаның рұқсат бергені мәлім болды. Яһудилер кез келген халықтың не аймақтың өздеріне және әйелдері мен бала-шағаларына шабуыл жасаған жасақшыларын жойып, оларды жоқ қылуға әрі солардың мал-мүлкін олжалауға құқықты болды.