1
Естер 6:1-2
Киелі кітап
Сол түні патшадан ұйқы қашты. Сондықтан ол болған оқиғалар баяндалып сақталатын жылнама кітабын әкелуді бұйырды. Хатшы патшаға сол кітаптан оқып берді. Сонда кіреберісті күзеткен Бигтана мен Тәреш есімді екі сарай қызметкерінің қаскүнемдігін Мардохайдың әшкерелегені туралы жазылған баяндама табылды. Сол екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырған болатын.
Compare
Explore Естер 6:1-2
2
Естер 6:6
Осылай Хаман кірді. Патша оған мына сұрақты қойды: — Патша құрмет көрсетпек болған адамға не істелуі керек? — Хаман ішінен: «Патша менен басқа кімге құрмет көрсетуді қалар еді?» — деп ойлады.
Explore Естер 6:6
3
Естер 6:10
Патша Хаманға: — Сен дереу өзің айтқандай шапан мен тұлпарды ал да, патша сарайының қақпасында қызмет ететін Мардохай есімді яһудиге осылардың бәрін істе! Барлық айтқандарыңның бірде-біреуін ұмыт қалдырма! — деп тапсырды.
Explore Естер 6:10
Home
Bible
Plans
Videos