1
Уағыздаушы 8:15
Киелі кітап
Сондықтан мен адамға өмірдің қызығын көріп қалуға кеңес беремін, өйткені осы өткінші дүниеде пендеге ішіп-жеп, қуанышқа бөленуден артық ештеңе жоқ. Сөйтіп ол Құдайдың өзіне осы дүниеде өлшеп берген күндерінде ауыр еңбек еткенде қанағат табатын болады.
Compare
Explore Уағыздаушы 8:15
2
Уағыздаушы 8:12
Зұлым адам тіпті жүздеген қылмыс жасап, ұзақ өмір сүре берсе де, мен мынаны білемін: Құдайды терең қастерлеп, Оның көз алдында адал жүргендер игілікке кенелетін болады.
Explore Уағыздаушы 8:12
3
Уағыздаушы 8:6
Адамға өмірінің қиыншылықтары ауыр тисе де, «әрбір істің өз уақыты мен тәртібі бар».
Explore Уағыздаушы 8:6
4
Уағыздаушы 8:8
Ешбір адамның желді ұстап тоқтата алмайтыны сияқты, ешкім де ажалға билік жүргізе алмайды. Соғыс кезінде әскерден босату дегеннің жоқ екеніндей, зұлымдық та өзіне бағынғандарды босата қоймайды.
Explore Уағыздаушы 8:8
5
Уағыздаушы 8:11
Өйткені «қылмыстың үкімі тез орындалмаса, адамның жан дүниесі зұлымдыққа батар».
Explore Уағыздаушы 8:11
6
Уағыздаушы 8:14
Дүниеде тағы мынадай бір ақылға қонбайтын жайт та бар: зұлымдарға тиісті жазаны кейде әділ адамдар тартады, ал әділдерге тиісті сый-құрметке зұлымдар ие болады. «Бұл шынымен ақылға сыймайды» деймін.
Explore Уағыздаушы 8:14
7
Уағыздаушы 8:7
Ал пенде кейін не болатынын білмейді, әрі болашақтың қалай болатынын оған кім айта алады?
Explore Уағыздаушы 8:7
Home
Bible
Plans
Videos