1
Уағыздаушы 1:18
Киелі кітап
КК 2010
Өйткені «адам көбірек түсінген сайын түңіле түседі, көбірек білген сайын күйіне түседі».
Compare
Explore Уағыздаушы 1:18
2
Уағыздаушы 1:9
Бұрын болған нәрсе кейін де болады, істелген іс тағы да істелінеді. Осы өткінші дүниеде түбегейлі жаңа еш нәрсе жоқ.
Explore Уағыздаушы 1:9
3
Уағыздаушы 1:8
Өмірде болатын жайттар адамды сөзбен айтып жеткізе алмастай қажытады. «Көз көруден, құлақ естуден қанағат таппас».
Explore Уағыздаушы 1:8
4
Уағыздаушы 1:2-3
«Құр бекершілік! — деп үйрететін Даналықты уағыздаушы. — (Жеке өздігінен өмірдің) бәрі де құр бекер әрі мағынасыз! Пенденің осы өткінші дүниеде еткен бүкіл бейнетті еңбегінен көрер пайдасы қандай?
Explore Уағыздаушы 1:2-3
5
Уағыздаушы 1:14
Осы өткінші дүниеде істеліп жатқан істердің бәріне назар аудардым: олардың барлығы да жел соңынан қуғандай бекершілік екен!
Explore Уағыздаушы 1:14
6
Уағыздаушы 1:4
Ұрпақтар бірінен соң бірі келіп-кетіп жатады, ал жер сол тұрған күйі тұра береді.
Explore Уағыздаушы 1:4
7
Уағыздаушы 1:11
Ежелде өтіп кеткендер ескерілмес, болашақтағыларды солардан кейін дүниеге келетіндер де естерінде ұстамас».
Explore Уағыздаушы 1:11
8
Уағыздаушы 1:17
Сондықтан мен даналық пен білім әрі топастық пен ақымақтық туралы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға көңіл бөлдім. Бірақ бұның да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін ұғындым.
Explore Уағыздаушы 1:17
Home
Bible
Plans
Videos