Олар үшін әділдік жолын танып біліп, Мәсіхтің тапсырған қасиетті өсиеттерін қабылдап, кейін кері бұрылғаннан гөрі, сол жолды мүлдем білмегендері жақсы болар еді. Бастарынан кешкендерінде мына тауып айтылған мақал-мәтел жүзеге асады:
«Төбет қайта оралар өзінің құсығына»,
«Жуылған шошқа қайтар аунайтын батпағына».