Сонда Құдай Сүлейменге:
— Жүрек қалауың осы болып, сен қазына-байлық пен атақ-даңқ және жауларыңның жеңіліп, құруы былай тұрсын, тіпті өзің үшін ұзақ өмір де сұраған жоқсың. Қайта, Мен сені патшасы етіп қойған халқыма билік жүргізуің үшін даналық пен білім сыйлауымды өтіндің. Сол үшін Мен өзіңе даналық пен білім сыйлап отырмын. Соған қоса қазына-байлық пен атақ-даңқты да сыйлаймын. Сенде бар болатын мол қазына-байлық пен атақ-даңққа саған дейінгі ешбір патша ие болған емес, сенен кейін де ешбір патша ие болмайды, — деп уәде етті.