1
Қорынттықт. 1-хат 13:4-5
Киелі кітап
КК 2010
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды, Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды, Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды, Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды
Compare
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:4-5
2
Қорынттықт. 1-хат 13:7
Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді, Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:7
3
Қорынттықт. 1-хат 13:6
Әділетсіздікті еш құптамайды, Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:6
4
Қорынттықт. 1-хат 13:13
Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік: Осы үшеуі әрқашан да қалады. Ал солардың ішінде сүйіспеншілік Мәңгі бақи ең бастысы болады.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:13
5
Қорынттықт. 1-хат 13:8
Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды. Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар, Бөтен тілдерде сөйлеу де сарқылар, Білім дарыны да кейін доғарылар.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:8
6
Қорынттықт. 1-хат 13:1
Мен адамдардың түрлі тілдерінде Және періштелердің тілдерінде Жатық та мүдірмей сөйлей білсем де, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Сөздерім сыңғырлаған қоңырауға Әрі шылдырлаған асатаяққа Ұқсап мәнсіз боп қалады сонда.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:1
7
Қорынттықт. 1-хат 13:2
Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем, Күллі құпия-сырларды да білсем, Әр түрлі білімді иемденсем, Тау қозғайтындай сенімге кенелсем, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Түкке де тұрмаймын мен онда.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:2
8
Қорынттықт. 1-хат 13:3
Егер үлестірсем бар байлығымды Бейшара жарлы-жақыбайларға, Тіпті құрбан қылсам да жанымды, Тәнімді қисам отқа жағуға, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Маған келер пайда жоқ бұдан да.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:3
9
Қорынттықт. 1-хат 13:11
Бала кезімде балаша сөйлейтінмін, Балаша ойлап, балаша пайымдадым. Бірақ та ержеткеннен кейін мен Қол үздім балалық қасиеттерден.
Explore Қорынттықт. 1-хат 13:11
Home
Bible
Plans
Videos