1
Жаратылыстың баст. 45:5
Киелі кітап
КК 2010
Ал енді, ештеңені уайымдамаңдар, мені осында сатып жібердік деп өздеріңді кінәламаңдар! Өйткені Құдайдың Өзі мені осы жерге өмірлеріңді сақтап қалу үшін сендерден бұрын жіберді.
Paghambingin
I-explore Жаратылыстың баст. 45:5
2
Жаратылыстың баст. 45:8
Осылайша сендер емес, Құдай мені бұл жерге жіберді! Ол мені перғауынға әке іспетті бас кеңесші қылып тағайындап, сарайына қожайын, бүкіл Мысыр еліне билеуші етіп қойды.
I-explore Жаратылыстың баст. 45:8
3
Жаратылыстың баст. 45:7
Ұрпақтарыңның жер бетіндегі өмірін жалғастыру үшін сендерді ұлы іспен құтқарып, аман-есен қалдыру үшін Құдай мені мұнда өздеріңнен бұрын жіберді.
I-explore Жаратылыстың баст. 45:7
4
Жаратылыстың баст. 45:4
Жүсіп оларға: — Маған жақындаңдар! — деп, олар қасына келгенде мынаны айтты: — Мен сендер Мысырға сатып жіберген Жүсіппін!
I-explore Жаратылыстың баст. 45:4
5
Жаратылыстың баст. 45:6
Елді аштық жайлағалы екі жыл өтті, енді келесі бес жыл бойы да жер өңделіп, астық егілмейді.
I-explore Жаратылыстың баст. 45:6
6
Жаратылыстың баст. 45:3
Жүсіп бауырларына қарап: — Мен Жүсіппін ғой! Әкем шынында да әлі күнге дейін тірі ме? — деп сұрады. Бірақ олар оның алдында қатты абыржып қалғандықтан жауап бере алмады.
I-explore Жаратылыстың баст. 45:3
Home
Biblia
Mga Gabay
Mga Palabas