1
Қорынттықт. 1-хат 15:58
Киелі кітап
КК 2010
Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.
Харьцуулах
Қорынттықт. 1-хат 15:58 г судлах
2
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57 г судлах
3
Қорынттықт. 1-хат 15:33
Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:) «Араммен араласып жүрген жан Айырылар адал салтынан».
Қорынттықт. 1-хат 15:33 г судлах
4
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Қорынттықт. 1-хат 15:10 г судлах
5
Қорынттықт. 1-хат 15:55-56
Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады.
Қорынттықт. 1-хат 15:55-56 г судлах
6
Қорынттықт. 1-хат 15:51-52
Сендерге мына құпияны айтайын: бәріміз бірдей өлмейміз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен, қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз.
Қорынттықт. 1-хат 15:51-52 г судлах
7
Қорынттықт. 1-хат 15:21-22
Бір адам арқылы өлім дүниеге келді, сол сияқты бір Адам арқылы өлгендер қайта тіріледі: яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі.
Қорынттықт. 1-хат 15:21-22 г судлах
8
Қорынттықт. 1-хат 15:53
Өйткені қазіргі құрып шіритін тәндеріміз ешқашан жойылмайтын денелермен алмасуға тиіс.
Қорынттықт. 1-хат 15:53 г судлах
9
Қорынттықт. 1-хат 15:25-26
Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс. Жойылатын соңғы жау — өлім.
Қорынттықт. 1-хат 15:25-26 г судлах
Нүүр хуудас
Библи
Тѳлѳвлѳгѳѳнүүд
Бичлэгүүд