1
Жохан 19:30
Киелі кітап
КК 2010
Иса сірке суын сорғаннан кейін: «Енді түгел орындалды!» — деді де, басын иіп, жан тапсырды.
比較
Жохан 19:30で検索
2
Жохан 19:28
Тиісті нәрселердің бәрінің түгел орындалғанын білген Иса бұдан кейін: «Мен шөлдеп тұрмын», — деді. Забурда алдын ала жазып қалдырылған бұл тәрізді сөз де осылай іске асты.
Жохан 19:28で検索
3
Жохан 19:26-27
Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзі жақсы көретін шәкіртін көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді. Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.
Жохан 19:26-27で検索
4
Жохан 19:33-34
Алайда Исаның қасына келіп, Оның өліп қалғанын көрген соң, олар Оның аяқтарын сындырған жоқ. Бірақ жасақшылардың біреуі Исаның бүйіріне найзасын сұғып алды. Сол заматта қан мен су шыға келді.
Жохан 19:33-34で検索
5
Жохан 19:36-37
Киелі жазбалардағы мына тәрізді сөздердің осылай орындалуы тиіс еді: Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын! Бұл солай болды да. Пайғамбарлар жазбаларының тағы бір жерінде: «Олар өздері түйреген Кісіге қарайтын болады» делінген.
Жохан 19:36-37で検索
6
Жохан 19:17
Иса айқыш ағашын Өзі арқалап, қаладан шықты да, Маңдайтөбе деп аталатын жерге қарай бет алды. Мұның жергілікті аты — Ғолғота.
Жохан 19:17で検索
7
Жохан 19:2
Бір топ жасақшы тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізді. Оның үстіне бір қызыл шапанды жапты.
Жохан 19:2で検索
ホーム
聖書
読書プラン
ビデオ