1
Жақыптың хаты 1:2-3
Киелі кітап
КК 2010
Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер.
比較
Жақыптың хаты 1:2-3で検索
2
Жақыптың хаты 1:5
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5で検索
3
Жақыптың хаты 1:19
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Жақыптың хаты 1:19で検索
4
Жақыптың хаты 1:4
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:4で検索
5
Жақыптың хаты 1:22
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.
Жақыптың хаты 1:22で検索
6
Жақыптың хаты 1:12
Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей «шынайы өмірдің тәжін» иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті.
Жақыптың хаты 1:12で検索
7
Жақыптың хаты 1:17
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Жақыптың хаты 1:17で検索
8
Жақыптың хаты 1:23-24
Өйткені Тәңір Иенің хабарын естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет-әлпетін көрген біреуге ұқсайды: ол өзіне байыппен қарайды, бірақ былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады.
Жақыптың хаты 1:23-24で検索
9
Жақыптың хаты 1:27
Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау.
Жақыптың хаты 1:27で検索
10
Жақыптың хаты 1:13-14
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді.
Жақыптың хаты 1:13-14で検索
11
Жақыптың хаты 1:9
Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен
Жақыптың хаты 1:9で検索
ホーム
聖書
読書プラン
ビデオ