YouVersion Logo
Search Icon

Малахи 3

3
1«Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы#3:1 Яғни Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх (Иш 7:14; 9:6; 42:6; 49:8). еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі.
2Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. 3Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады. 4Осылайша Яһуда мен Иерусалимнің халқы әкелген сый-тартулар баяғы күндер мен ежелгі жылдардағыдай Жаратқан Иеге ұнамды болады.
5«Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Жаратқан Иеге лайықты қызмет көрсету
6— Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін, (Келісіміме адал болып қаламын). Сондықтан да сендер, уа, Жақыптың ұрпақтары, құрып кеткен жоқсыңдар. 7Сонау ата-бабаларыңның заманынан-ақ сендер Менің ережелерімнен жалтарып, оларды ұстанбай келесіңдер. Енді кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер. Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.
Бірақ сендер: «Біз қалайша қайта аламыз?» деп сұрайсыңдар. 8Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін#3:8 (1:8,13; Заң 12:6; 14:22; Нех 13:5,11-12) Яки: Өнімнің оннан бір бөлігін. және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы! 9Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар!#3:9 2:2; Заң 11:26-28; 28:20. Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар!
10Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер! 11Егістіктеріңдегі егінді ешбір пәлекет құртпайды, жүзімдіктеріңнің жемістері де жерге түсіп қалмайды, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — 12Сонда барлық ұлттар сендерді «Жарылқанған халық!» деп атайтын болады,#3:12 Иш 61:9; 65:23-24. себебі сендер тамаша ел боласыңдар. — Әлемнің Иесі осыны нық айтады.
13— Сендер Мен туралы ауыр сөз айттыңдар! — дейді Жаратқан Ие. — «Біз Саған қарсы қандай ауыр сөз айттық?» деп сұрасаңдар, міне, жауап: 14Сендер былай дедіңдер: «Құдайға қызмет ету құр бекершілік! Әлемнің Иесінің талаптарын орындап, Оның алдында қасірет шеккен адамдар сияқты болып жүргенімізден бізге не пайда болды? 15Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер.
Жаратқан Иенің әділдерді ескеріп марапаттауы
16Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген.#3:16 Дан 12:1.
17«Мен сот жүргізетін күні олар Менің өз халқым әрі ерекше құнды меншігім#3:17 Мыс 19:5; Заң 7:6; Иш 43:21. болады, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін! 18Сол кезде сендер әділдер мен зұлымдардың, Құдайға қызмет ететіндер мен қызмет етпейтіндердің арасындағы айырмашылықты қайтадан көретін боласыңдар».

Currently Selected:

Малахи 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy